Серік Сәпиев 300 мың теңгеге компания ашты
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев «Астана» халықаралық қаржы орталығында (МФЦА) жаңа компания тіркеді.
Enzo Ltd. атауымен ашылған кәсіпорын 2026 жылдың 11 қыркүйегінде ресми түрде жұмысын бастады.
Құрылтайшы әрі басшы – Серік Сәпиев (жалғыз иесі).
Бастапқы жарғылық капитал: 300 мың теңге (әрқайсысы 3 мың теңгелік 100 акцияға бөлінген).
Қызмет бағыты: Тіркеу деректері бойынша компания басқа ұйымдардың үлестерін сатып алып, оларға иелік ете алады.
Дегенмен, бизнестің нақты бағыттары туралы әзірге ақпарат жоқ.
Еске салайық, боксшы 2012 жылғы Олимпиадада топ жарғаннан кейін спорттық мансабын аяқтаған болатын. Сондай-ақ ол екі дүркін әлем чемпионы атанып, Олимпиаданың ең техникалық боксшысына берілетін Вэл Баркер кубогын жеңіп алған.