Саясат

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды.

Фото: ашық дереккөз

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2016–2018 жылдары Атырау қаласының әкімі болды. 2020–2021 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарса, 2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы сәуірге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

Атырау облысының әкімі қызметіне 2022 жылдың сәуір айында тағайындалған еді.

Әзірге өңірдің жаңа әкімі кім болатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Сайт Әкімшілігі