Серік Жұманғарин Қазақстан ұлттық экономика министрі лауазымында қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Қаржы және бюджет комитеті Серік Жұманғаринді Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындауға келісім берді.
Бұл мәселе комитеттің отырысында қаралып, кандидатура «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес талқыланды.
Отырыс қорытындысында комитет Серік Жұманғаринді аталған лауазымға тағайындауға болады деген шешім қабылдады.