«Шабуыл журналистерге ғана емес, азаматтық қоғамға жасалды»
Бүгін Алматыда ҚазТАГ және Азаттық радиосыжурналистеріне шабуыл жасау оқиғасына орай баспасөз мәслихаты өтті.
Оған ЖСДП-ныңтөрағасы Ермұрат БАПИ, саясаткер Балташ ТҰРСЫНБАЕВ, журналист Рысбек СӘРСЕНБАЙжәне құқық қорғаушы Евгений ЖОВТИС қатысты.
«Бұл бассыздықтың,қылмыстық, иттік әрекеттің артында ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ қанатұрған жоқ. Қарақшы билік тұр. Олар бұл үшін ешкімнің жауапқа тартылмайтынынбіледі. Қазір билік банкротқа ұшырады. Бандиттерге, қара киінген қолшатырлы жігіттермен долы қатындарға үміт артатын жағдайға тап болды. Кеше Азаттық пен ҚазТАГ журналистерінешабуылдады. Ертең бәрімізге шабуыл жасайды. Қарақшылық шабуыл Назарбаеврежимінің мұрасы. Кезінде «Таң» арнасын атқылады, «Дат» пен «Республика»газеттерінің тілшілеріне қысым жасаған. Бұл журналистерге жасалғаншабуыл емес, азаматтық қоғамға жасалған шабуыл. Халықтың арасына іріткісалу әрекеті», — деді Ермұрат Бапи.
22 шілде күні бірнеше әйел Азаттық және КазТАГ журналистеріне шабуыл жасаған еді. Журналистер Алматыда орналасқан Қазақстандағы адамқұқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюродағы баспасөзмәслихатына келген еді.
Баспасөз жиынында тұтқында отырған Гүлзипа ЖӘУКЕРОВА,Жазира ДЕМЕУОВА және Оксана ШЕВЧУК ісі айтылмақ болған. Үш әйел оппозициялықсаясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫҢ Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ (ДВК) қозғалысынақатысы бар деген күдікке ілінген. Белгісіз әйелдердің шабуылынан кейін баспасөзмәслихаты өтпей қалды.
Айтпақшы, бұл іске қатысты ішкі істер министрі ЕрланТұрғымбаев «бұл екі жақтың өзара жанжалдасуы» деп баға берді.
Фотоны bureau.kzұсынды.