Әлеумет

Шахановтарды шақырамыз!

«Атажұрт еріктілері» тіркелмеген қоғамдық ұйымының басшысы Серікжан БІЛӘШҰЛЫ ақын, қоғам қайрактері Мұхтар ШАХАНОВ бастаған топқа шақырту жолдады.

Jasalash.kz
Бұл туралы Жас Алаш сайты хабырлайды. 6-наурыз күні Алматы қаласында өтетін қайрымдылық шарасына Қытайдағы саяси үйрету орталықтарында туған-туыстары жатқан азаматтар келеді. Және Канадалық журналисттер де келеді деп күтілуде. Содан кейін «Атажұрт еріктілеріне» АҚШ-нан да БАҚ-ның өкілдері келеді екен. «Саясатқа мүлдем қатысымыз жоқ. Біз шарасыздықтан осы іске араластық. Бізді дұрыс бағытқа салыңыздар. Қытайдағы миллиондаған қандастарымыздың мұң-зарын айтамыз десеңіздер, арттарыңыздан еруге дайынбыз», — деліндеген видео шақыртуда. Қаңтар айының соңында Мұхтар ШАХАНОВ, Көпен ӘМІРБЕК, Айдос САРЫМ, Мұхтар ТАЙХАН бас-аяғы 17 адам Серікжан Білаш жетекшілік еткен қоғамдық ұйымды сынап БАҚ бетінде ашық хат жазған еді. Қазақстан Республикасының президенті, үкімет басшысы және депутаттарға жолдаған хатта былай делінген:«Атажұрт еріктілері» қоғамдық  ұйымның  атқарған жұмысынан гөрі дақпырты көп. Ішкі дау-дамайлары да оралмандарды жік-жікке бөлгенін көзіміз көріп отыр. Бір-бірін орынсыз қаралау, ғайбаттау, өздеріне тілеулес болмағандарға кінә арту бұл ұйым тарапынан күн санап өрістеп барады. Соның салдарынан қазір оралмандар бір-біріне күдікпен қарайтын, ал оралмандар десе жергілікті халықтың көңіліне күдік ұялайтын жағдайға жетті. Ал мұндай дау-дамайдың мемлекетіміз жүргізіп отырған көші-қон саясатына кері әсер етері күмәнсіз. Сондықтан көші-қон мәселесін қоғамдық ұйымдар емес, биліктің өзі шешкені жөн деп білеміз."www.youtube.com/watch?v=l-QuGkzmt0s&feature=youtu.be
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега