23 февраля 2024 г. 18:19

Шахтаның опырылуынан 15 адам қаза тапты

Фото:

Венесуэлада, Боливар штатында тосын апат орын алып, 15 адам қаза тапты. Елдің оңтүстік-шығысындағы Ангостура муниципалитетіндегі шахтаның опырылуы салдарынан 15 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды. Бұл туралы сәрсенбі күні кешке ел президенті Николас Мадуро мәлімдеді.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғастыруда. «Біз дереу барлық азаматтық қорғаныс бөлімшелерін жібердік және Боливар штатының губернаторы Анхель Марканомен бірге құтқару процесін күшейтеміз», – деді Мадуро мемлекеттік телеарнада.

 Алдын ала тексерулер шахтадағы апат 30 метр тереңдікке ені 100 метрге дейінгі топырақтың опырылып түсуінен келіп шыққанын көрсетті.


Тегтер: