Шамалған: Әкімді полиция қоршап тұрды
Жол көлік апаты болған Шамалған станциясының халқы Алматыоблысының басшысы Амандық БАТАЛОВТЫҢ келуін талап еткен еді.
Алайда әзіргенаразы жұрттың алдына Қарасай ауданының әкімі Жандарбек ДАЛАБАЕВ жетті.
Әкім бұқараға полиция қызметкерлерімен бірге келді.Қолына дыбыс күшейткіш құрал алып сөйлеген әкімді полиция қоршап тұрды. Бізгеполицияның әкім Жандарбек Далабаевты кімнен қорғап тұрғаны түсініксіз болды.Себебі халық тек қана Шамалғандағы қордаланған проблемаларды ғана айтумен болды.Ең бастысы бізге теміржол өткелінен өтетін аспалы көпір керек деп ұрандаттыжиналғандар. «Мост, мост, мост, мост» деп айқайлады. Сондай-ақ, аудан басшысынан«Шамалған станциясының әкімі қайда?» деп сұрағандар да болды.
«Шамалған станциясыныңәкімі келгенде не жасайды? Мен тұрмын ғой. Ертең деп сендерге өтірік айтпаймын.Аптаның екінші күні маған келіңдер. Арнайы жұмыс тобын құрайық. Мен сіздердіқабылдаймын. Барлық проблемаларды отырып шешейік. Бұл жердегі жағдайды мемлекетбасшысы да, облыс әкімі де біліп отыр. Жүргіншілер үшін көпір болады. Ал аспалыкөпір салып берем деп айта алмаймын. Оны бірігіп шешейік. Ал қазір тарқайық.Түнімен тұрсаңдар да көпір болмайды», — деді әкім Жандарбек Далабаев.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19-00 де Алматы облысыАқсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобусты соғып өтті. Автобусжүргізушісі қайтыс болды. Қазір жол апаты болған жерде жүздеген адамжиналып, өз наразылықтарын білдіруде. Көпшіліктің айтуынша, аспалы көпірмәселесі жиырма жылдан бері айтылып келе жатыр. Егер «переездге» аспалы көпірсалынған болса, бүгінгі қазалы оқиға болмас еді дейді.
Фотоларавтордікі.