Без Категории

Шамалған станциясында теміржолдағы апаттан кейін жиын өтті

17 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған станциясында жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар кездесіп, өткен жексенбіде пойыз бен автобус соқтығысқан теміржолдың автокөлік жолымен қиылысатын тұсына кейін салу жайын талқылады.

Jasalash.kz

Жиында сөйлеген Қарасай ауданы әкімі Жандарбек ДАЛАБАЕВ жақын уақытта көпір салу жергілікті биліктің жоспарында жоқ екенін хабарлады. Шамалғандағы жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров қатысты.

Аудан әкімінің жауабына қанағаттанбаған жергілікті тұрғындар көпір салуды талап етті. Кейбіреулері апат болған теміржол өткеліндегі көлік қозғалысын реттемейді деп жол полициясының жұмысын сынады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиынға жергілікті полиция мен прокуратура өкілдері де қатысқан.

15 қыркүйекте кешке Шамалған станциясындағы автокөлік пен теміржолдың түйіскен тұсында «Алматы — Қостанай» бағытындағы жүрдек пойыз теміржол өткелінде жолаушы автобусын соғып өтті. Апат салдарынан автобус жүргізушісі мерт болып, автобуста болған үш жолаушы (екеуі — бала) зардап шеккен.

биліктен пойыз өтетін көпір салуды талап еткен.
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега