Шамалғандағы жол апаты: Бас көлік прокуратурасы мәлімдеме жасады
Генерал ЕрнатСЫБАНҚҰЛОВ басқаратын бас көлік прокуратурасы Шамалғандағы жол апатына қатыстымәлімдеме жасады.
Бұл туралы «Жас АЛАШ»құзырлы орган баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«15 қыркүйек күні сағат 19.20-да Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткеліндеАлматы-Қостанай бағытындағы пойыздың жолаушылар автобусымен соқтығысуы орыналған. Алдын ала деректер бойынша 1 адам қаза тауып, 4 адам түрлі жарақаталған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі (теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) және 345-бабының3-бөлігі (жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу)бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — делінген хабарламада.
Қазір жедел тергеутобы құрылып, қылмыстық іс бас көлік прокуратураның бақылауына алынған.
Фото: zhasalash.kz