Шардараның әкімі саунаға барғаны үшін сөгіс алды
Осыдан біраз уақыт бұрын Түркістан облысы Шардараауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың бір азаматпен бірге саунада отырған видеосыпайда болған еді.
Бейнежазбаны полицияқызметкерлері түсірген. Осыған байланысты Түркістан облыстық Әдеп кеңесіндеҚ.Жолдыбай бастаған Шардара ауданының лауазымды тұлғаларының тәртіптікжауапкершіліктері қаралды.
Нәтижесінде,Шардара ауданының әкімі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірліккомиссияның төрағасы бола тұра, өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерменбірге төтенше жағдай режимі кезінде моншада болып, өзінің іс-әрекетімен қоғамтарапынан айтылатын сынға себепкер болғаны анықталды.
Соныменқатар, қол астындағы қызметшілермен қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақыттапайдалануына жол берілген.
Бұлретте, Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзініңіс-әрекетімен және мінез құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкерболмауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніптапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды,тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс.
Осығанорай, Әдеп жөніндегі кеңес шешімен Түркістан облысы Шардара ауданының әкіміҚ.Жолдыбайға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Сондай-ақ,Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Шардара ауданы әкімінің аппарат басшысы Ғ.Амантайғажәне Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Райхановқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.