Шаруалар ұлт мүддесі үшін күресе алмайды
Шаруа табыныңешқашан ұлт мүддесі үшін күресте жеңіске жете алмайтынынтарихи тәжірибеден түйіп, «пайдалы» қорытынды шығарабілген большевиктік идеологтар әр кездегі қазақ шаруасының көрсеткендөңайбатынан сескенген жоқ, шаруамен санасқан да жоқ.
Шаруа тапты қазақ халқы Кеңес өкіметіне XX ғасыр бойы құлақ естіп, көзкөрмеген, жан түршігерлік әлеуметтік эксперименттер жасауға жол берді, қырса –қырыла беретін, үркітсе – қаша беретін халық екендігін көрсетті. Бірыңғайшаруа халқы болып қалған қазақтар ауылдық мешеулік пен пасықтықтан арылаалмады, өздерін ұйымдасып қорғауға сауаты жетпеді, әр кезде болған аштықтардашыбынша қырылды, шет елдерге қашты, тоталитарлық билікке қарсы жүздеген көтеріліс жасады, бірақ ешбірінде жеңіскежетіп көрген жоқ.
Шаруа – жан дүниесімен прагматик. Мезеттік пайданы ғанакөреді. Рухани жұтаңдығының салдары болып табылатын, шаруаға тән менталитеттіңбір қыры – оның сатылғыштығы. Оған сүйек таста – сенің артыңнан жүреді, оныңөзінде тек алғашқы тосқауылға дейін ғана. Алдынан қиындықтар үшырасабастағанда, екінші біреу болымсыз бірдеңе ұсынса, ол бірден сатылып кете береді.Осының бәрі кез келген шаруатапты халыққа тән психология болуымен, ауылынаншыға алмай жүрген қазақтың да санасын жаулап алған болатын.
Шаруа халқы азаматтық қоғамның белсенді мүшесі деңгейінедейін өспейді. Кедейлігі мен сауатсыздығының салдарынан шаруа өзі қалап алғанбилік иелерінің итпегінен ешқашан құтыла алмайды. Қажетті заманауи қорғанысмеханизмдерімен жеткілікті қаруланған билік шаруаға ойына келгенінорындаттырады.
«… Тұтас халықты үнемі алдай беруге болмайды» деп А.Линкольндұрыс айтқан. Бірақ, оны америка халқына қаратып айтқан. Ал қазақ тарихында бұлтұжырым ақталмайды. Қазақ отыз жылдан кейін озық, қырық жылдан кейін қарыққыламыз дегенге алдана салады. Кеңес кезіндегі жан түршіктірер әлеуметтікэксперименттерге сезінетіндей қарсы тұра алмауы, жаңа биліктің алдауына сенеберуі шаруа халқын тәни тоздырып, рухани аздырып жіберуге болады деген қорытынды шығаруға мәжбүрлейді.
Қазіргі қала қазағы – индустриялы қоғамға тағдыр жетектепәкелген, кешегі малшы-батырақ. Оның ойы мен әрекетіне шаруа менталитетіжетекшілік етеді. Индустриялы басқыштағы азаматтық қоғамда өмір сүрудібілмегендіктен, оның отырғаны опақ, тұрғаны сопақ, сөзі былдыр, түсінігібұлдыр, әрекеті былжыр. Қарапайым халқы ғана емес, дипломды кадрларының басымкөпшілігі сондай. Ештеңені естімейтін, ештеңенің иісін сезбейтін, өзінің еліне,жеке басына, өміріне қажеттінің өзіне құлақ аспайтын, Абай сипаттағандай,«жақсы менен жаманды айырмаған» күйде қалып отыр.
Қазіргі саясат аясындағы қазақтың жанкешті әрекеті бөтенформациялық кеңістіктегі олақтың салақ әрекеті болып шығып жатыр. Бейнелейайтқанда, қазіргі қазақтың көңіл күйін былай сипаттауға болады. Қазақ үдемеліжылдамдықпен ылдиға қарай жөңкіп бара жатқан шанада отырған сияқты. Алды тереңтұңғиық. Жылдамдықты тежеуге немесе шананы бұрып әкетуге шамасы жоқ. Текбайбалам салудан басқа қолдан келері жоқтың жойылуға қарай ағылуы.
Түбінде бәрі мынаған тіреліп тұр. Формациялық арттақалған халықтың ашық, азаматтық қоғам құруға саяси-әлеуметтік құзіреттілігіжетпеді. Қазақ индустриялы формацияның жат кеңістігінде адасқан ойларымен,ерепейсіз әрекеттерімен ғана көрінуде. Сөйлеу және ойлау стилі, менталитетіжағынан дәстүрлі қоғамның адамы даму сатысының жоғарғы басқышындағы кеңістіктепайдалы іс тындыра алмады. Қазіргі қазақтың сөзі де, ойы да, ісі де – бәріқателерге тұнып тұр.
Қазақ халқының қазіргі таңдағы рухани даму аясындағыбасты кереғарлық мынау болды: ұлы гректердің тарихи дамудың барлықсатыларындағы барлық халықтардың прогресін қамтамасыз ететін, қоғам демократиялық жолмен басқарылуы қажетдеген ұлы идеясы қазақтардың санасына менталды деңгейде сіңірілмеді.Қазақтың саяси аспаны астында болып жатқан кедергілер мен қателіктердің бәріосыдан бастау алды.
Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан
(Жалғасы бар)
Фото: islam.kz