Шекара шебіндегі Бақтыдағы бір күн
Қазіргі күнде шекарадағы аудандарда орналасқан ауылдармен елдімекендердің көбінен ел үдере көшіп, ертеңгі күні алаңдатып отырғаныбелгілі.
Ал, әкімшілік бағынысы Үржар ауданына қарайтын,2400 тұрғыны бар Бақты ауылына жолымыз түскенде ондай алаңдаушылыққа ешқандайда негізі жоқ екенін байқадық. Ауылдықклуб үйі, қос қабатты жаңа мектеп пен аурухана, тойхана, «Бақты» ірі сауда үйі сияқтыкөпшілікке қажетті нысандар бірден көз тартады. Бұл айтарлықтай емес, әрине. Бірақта осының өзі халықтың тұрақтануына, шалғайда жатса да шаруасы қожырамауынасебеп болары анық.
Бақты ауылының негізгі айтар басты ерекшелігі — Қытаймен шекараға өте жақын орналасқандығында.Сондықтан да мұнда «Бақты» кеден бекеті мен шекаралық комендатураның орналасуы ауылдыңстратегиялық маңызын бірден байқатып тұрады. Білуімізше, саудамен айналысудыжөн санаған ауыл тұрғындары да, аудан халқы да көрші елге күнделікті кіріп-шығуына, сауда-экономикалық байланыс жасауына ешқандай кедергі жоқ.
Сол себептен де болса керек, «Кез келген жайға қырағы әрімұқият болуды бірінші орынға қоямын» дейді Бақты ауылының әкімі Алмас ЧУШЕКОВ.
Қуанарлығы сол, мұнда ауыл тұрмысын оңалтып, шаруасындөңгелетуге ұмтылғандардың қарасы көп. Кейбір ауылдардан күнкөрісін қаладантапқанды жөн көріп, қоныс аударғандардың қатары өссе, мұнда қайта керісіншетұрғындар арасынан 10 отбасы жер алып, үйлерін жаңадан салыпты. Солардың бірі –«Бақты» сауда үйінің иесі Райгүл НАҚАНҚЫЗЫ.
-Ертеректеауылымызды тастап, Алматы қаласына кәсіп іздеп, табыс табуға кетіп қалғанымызрас. Үлкен қала, жағдайымыз жақсарып сала беретіндей ойладық. Бірақ, Алматы бізкүткендей болмай шықты. Алып мегаполистің тынымсыз тіршілігіне ілесіп,кәсібіңді дөңгелету үшін ұдайы тыным көрмеуің керек екен. Қолдан келгенше,біраз іс тындырғандай болдық. Дегенмен, тіршілігі онсыз да қыз-қыз қайнапжатқан қызыққа толы Бақты ауылы көз алдыма келе берді. Сөйтіп, жолддасымекеуіміз ақылдаса келе, ауылымызға оралғанды жөн көрдік. Құдайға шүкір, қайтаоралғанымызға он жылдың жүзі болды. Қазір Алматымен күнделікті саудабайланысымыз өз жолын тапқан. Тауарды сол жақтан әкелеміз. Жер алып, үйіміздіжаңадан салдық. Бізден кейін біртіндеп, үйін жаңартуға тырысқандарды көріпқуанып жатырмыз. Бар ойымыз- Бақты ауылының дамуына атсалысу. «Ауылымызкөркейсе екен» деп бәріміз осылай ұмтыла берсек, шекара шетіндегі ауылдың жаманболмайтыны анық, — дейді Р.Дүтбаева.
Айтпақшы, осы сауда нысанына келе жатқанымызда қытайықызыл тракторға жайғасқан бір ақсақал ауыл ішін аралап жүргенімізде жанымыздан көлігіндырылдатып өте шыққан болатын. Қарияның тізгінге отырғандағы ширақ қимылы,алдындағы жолдан көз айырмайтынқырағылығын көріп, көз алмай қарап қалғаным ойыма түсті. «Бағанағы көрген қарияңыз– осы Райгүлдің әкесі. Тыл ардагері, осы Бақтының гүлденуіне совхоз кезіненеңбек еткен адам. Райгүлдің анасы да елге сыйлы Алтын алқа иегері» деді Алмасәкім.
Ауыл ішін көктей өтетін «Бақты-Таскескен» трассасының солжағындағы қоршау ішіндегі аңдардың әдемі мүсіншелері де алыстан назарымаілікті.
-Бұлжерді бұйырса, балаларға арналған саябаққа айналдырамыз. Ішкі безендірукөріністерін өңірлік даму бағдарламасына орай бөлінген қаржыдан 10 миллионтеңгеге жасаттық. Мұндағы аңдар бейнесі жыл санаудағы он екі хайуанаттыбілдіреді. Ауылымызға жолы түскен адам болсын, я болмаса, туған күнінде жылынжақсы білетін ауыл тұрғыны болсын, осы жерге келіп, суретке түседі. Мысалы,жылқы жылы туған болсаңыз, жылқы мүсіншесінің жанына, қой жылында дүниеге келсеңіз,қойдың жанына тұра қаласыз,-дейді А.Чушеков.
Саябақ іші шынында да әдемі екен. Балаларға арналғанойын-жаттығу құралдары, кіріп-шығып ойнайтын сан түрлі түстегі үйшіктер қарағансайын қызықтыра түседі. Айтпақшы, ауыл ішіндегі жаңа мектеп алдындағыкөріністер де тамаша әсер сыйлайды. Ертегі кейіпкерлеріне, әртүрлі аң-құстарбейнесіне қарап, қиял-ғажайып әлемге еніп кеткендей болдым. Қазір каникулуақыты болғандықтан шығар, қарауылдан басқа әңгімелесер жан жоқ екен. Сөз ретікелгенде айта кетейік, бұл жаңа мектеп Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформажәне өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың республикалықбюджеттен қаржы бөлдіруінің нәтижесінде жүзеге асқан.
Қойдантүсер пайда көңіл көншітпейді
«Сұлтан»шаруа қожалығының басшысы Бекен БОТАҚАНОВТЫҢ айтуынша, ауылда қой басын өсіріп,өнімін ұқсатудың жайы онша болмай тұр. Бір тәуірі шабындық жер жеткілікті,қысқы мал азығын дайындауда туындайтын мәселе жоқ.
- Мұндағы шаруақожалықтарының иелері қой баққаннан гөрі, сиыр басын көбейтіп немесе үйірлепжылқы ұстағанды жөн көреді. Қойдың еті болмаса, жүнін саудалап өткізу қиынныңқиыны. Жүнін қырықпасаң, олардың мына ыстықта жайы қандай болары онсыз дабелгілі. Ал, жиналған жүнді арзан бағаға өткізу біз үшін тиімсіз. ЖалғызБақтыда емес, бұл барлық ауылдарда қалыптасып отырған жағдай. Өз басым,азын-аулақ жылқы, сиыр, одан кейін 700 бас меринос тұқымды ақ қой өсіріпотырмын. Тіпті, жүн өткізетін жер жоқ. Биылғы қырыққан жүніміз әлі тұр.Қабылдайтын пунктте бағасы төмен. Меринос қойының жүні қалада қымбат дейді,ауданда арзан сұрайды. Мысалы, ондағылар келісін 300 теңгеге сұрайды. Ал, бізкелісін 400 теңгеден жалдап қырықтырдық. Бір тоннадай қой жүнін 300 теңгеденберер болсам, маған тиімсіз екенін түсініп тұрған шығарсыз, — дейді Б. Ботақанов.
Ауыл ішіндегі тұрғындардың қайсын сөзге тартсақ та«Бақты- құтты жер, ертеңіне сенеміз» деген жауаптарды кәрі-жасынан да,үлкен-кішісінен де жиі естідік. Бұл сөз жоқ, Бақты ауылындағы қайнағантіршіліктің бабын таба білген жігерлі әкім Алмас Чушековтің үнемі ізденіп,дұрыс бағытта жұмыс істеуінің нәтижесі.
«Біріншікезекте ауыл тұрғындарының барлығын шекарашы деп айтуға болады. Тоғыз жолдыңторабында орналасқан әрі көрші елге тиіп тұрғандықтан, мұнда тыныштық пентәртіп басты орында. Шекарашылар мен кеденшілермен де тығыз байланыста жұмысжасаймыз. Мал шаруашылығына бет бұрған Бақтыауылында 35 шаруа қожалығы бар. Ауылда мал шаруашылығын дамытуға жол ашықболғанымен, негізгі қызығушылық сиыр мен жылқы ұстауға ауып барады. Қазіргікүнде 3 мың бастай жылқы бар. Қой бағуда, малшы ұстауда біраз салмақ түсіретінжайлардың бары рас. Дегенмен, қой тұқымын асылдандыру бағыты бойынша ниеттеніпжүрген қожалық иелеріне қолдау көрсетуді ойластырып жатырмыз. Бірқатар ірішаруашылықтар мал тұқымын асылдандыруға ден қойған. Мысалы, «Нәсіпқан» шаруақожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша көршілес Ресейден 120 бас асыл тұқымды ақбас сиыр сатып әкелді. Жаңағы 35 шаруа қожалығының нақты белсенді жұмыс жасапжатқаны 20-ға жуықтайды. Қысқасы, қолда барын ұқсатып, тұрмысын жақсартқысыкелген азаматтардың барлығы да ауылдық әкімдікке келіп, көмек қажетсінсе, бірденкөңіл аударып отырамыз, — дейді Бақты ауылының басшысы А. ЧУШЕКОВ.
Бірлігі бекіп, тірлігі нығайған Бақты ауылының көшелерінаралап келе жатып жаңадан салынып жатқан спорт алаңын көрдік. Одан бөлек,жөндеуіне алып, ауыл қажетіне айналдыруға жауапкершілікпен қарайтын жан табылсаескі мектеп ғимараты да қолданысқа беруге әзір тұр. Тек бұл ғимаратты қарауынаалған адам оның ішкі құрылысының толықтай күрделі жөндеуден өтуіне бөлінетінқаржыны ұқсатып, бірнеше жылға дейін ортақ игілікте ұстауы тиіс. Одан кейінбарып өз иелігіне толықтай алуына болады. Есесіне, ғимарат та аман, нысан дакөпшіліктің көңілінен шығып тұрады.
Жақсылыққа жетелейтін жаңалығын жазар болсақ, бір мақалааздық ететін Бақты ауылындағы оң бастамалардың ұзын-ырғасы осындай. Қайнағанөмір, жанданған тіршілік, жаңарған ауылдан разы көңілмен аттандық.
Фотолар автордікі.