Шелекте 25 тұрғынның "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Бұл туралы облыстық дін істері басқармасы хабарлады.
Алматы облысының Шелек ауылында 25 тұрғынның Қазақстанда қызметіне тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Тұрғындардың үйлерінде жүргізілген тінту кезінде 11 смартфон, 93 кітап, 16 брошюра, сондай-ақ діни жазбалар бар дәптерлер мен блокнот тәркіленген.
Қазір алынған материалдар зерттеліп, әр адамның ұйым қызметіне қатысының деңгейі анықталып жатыр.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.