Әлеумет

Шенеуніктер желтоқсандық азаматтың үйін бұзып тастады

Түркістандықатқамінерлер Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтың үйін бұзып, отбасындалада қалдырды.

Jasalash.kz

Түркістанқаласында қыс ортасында үйі бұзылған азамат туралы видео әлеуметтік желідетаралып, жұрт арасында қызу талқыланып жатыр.

Оқиғаның «Әзіретсұлтан» кесенесіне жақын жерде болып жатқаны байқалады. Видеоны  үй иесі Талғат ЖАҢБЫРШИЕВТІҢ өзі түсірген.Үйді бұзу жұмыстарының басы-қасында  қалаәкімі Рашид АЮПОВ бір топ атқамінерлермен бірге жүр. Айналаның бәрі тәртіпсақшылары. Бір кезде өрт сөндірушілер екі қабатты үйдің есігін сындырабастайды. Оған кедергі жасаған жігіттерді (үй иесінің ұлдары) полицейлераяқ-қолдарын қайырып, көтеріп алып кетеді. Үй ішінде Талғат Жаңбыршиевтің басқабалаларының жүргендігі байқалады. Бір жақта сот орындаушы әйел сот шешімінорындауға кедергі келтірмеуді талап етуде. Видеода Талғат Жаңбыршиев:

«Мені соттаңдаршы, мен сендердің осылай жүрулерің үшін1986 жылы қан төккенмін. Жер үшін, Қазақ елі үшін.  Ұлтарақтай жерім үшін қанымтүгілі жанымда да беремін. Сендердің әрқайсыңның тамырларыңда қазақтың қаныағып жатыр. Сендер қара халықты жақтаңдар, сендердің қандарың қазаққой»,-дейді. 

Тағы бір видеотүн ішінде үйді техникамен бұзып жатқан кезде түсірілген. Үй иесі жұбайыменбірге өзінің заттары мен құжаттарын алып үлгермегенін айтып, шырылдап жүр.

«Түн ішінде енді қайда барамын»,-деген үй иесі бір топатқамінерге барады. Бірақ олар «қайда барсаң, онда бар, оны білмеймін» дегенмағынадағы сөздерді айтады.

«Жас АЛАШ»тілшілеріне хабарласқан үйі бұзылған түркістандық азаматтың ұлы Лесбек ЖАҢБЫРШИЕВТІҢайтуынша, бүгінгі күні тұрғын үйлері жермен жексен болып, толық бұзылған.Өздері далада қалып, кешегі түні көлікте қонып шығыпты.

«Жұрт квартиранттарын қыстың күні далаға шығарыпжібермейді ғой. Бізге ондай да адамгершілік танытқан жоқ. Ақыр осылай жасайтынболса, неге жазда шығарып жібермеді»,-деді Лесбек Жаңбыршиев.

Оныңайтуынша,  екі қабатты үйлері 2006жылдары салынған. Баспана анасы Күлзия АХМЕТОВАНЫҢ атына рәсімделген. Бірақ сотоның қатысуынсыз өтіп, шешім шығарылған. Өтемақы ретінде 12 миллион теңге  ұсынылған. 12 миллион теңгеге Түркістаннанбаспана алу қиын. Қазір осыған қатысты сотқа талап арыз берілген. Сот отырысыәлі жүріп жатқан көрінеді.

Біз осы жөніндеТүркістан қалалық әкімдігімен хабарласқан болатынбыз. Ішкі саясат бөлімініңбасшысы Бақытжан БӨКЕБАЕВ  қалалықәкімдіктің осы оқиға қатысты ресми мәлімдемесін берді.

«2018 жылы тәуелсіз бағалаушы „EXPO Оценка“ ЖШСАхметова Кульзияның меншігіндегі Түркістан қаласы, Р.Сұлтанбегім көшесіндегі№12 үйді жерімен бірге 12 993 000 теңгеге бағаланған. Заң талаптарына сәйкесмемлекет мұқтаждығына алу бойынша 27.10.2018 жылы хабарлама К.Ахметовағатабысталған. К.Ахметова 2018 жылдың желтоқсан айында ұсынылған өтемақығаберілген бағаға келісім бермеген. Нәтижесінде келісім бермеген меншік иесініңқұжаттары заң талаптарына сәйкес сотқа талап арыз берілген. Түркістан қалалықжәне аппеляциялық сот алқасымен меншік иесі мен сол мекен жайда тұратын отбасынтұрғын үйімен жер учаскесінен мәжбүрлеп шығару туралы шешім (23.04.2019 жылғы№5126-19-00-2/175) қабылданған.

Сонымен бірге, 02.07.2019 жылы заңға сәйкес сот шешіміменатқару парағы қабылданып, К.Ахметоваға тұрғын үйді босату қажеттігі туралыбірнеше рет хабарланған болатын.

Нәтижесінде, 25.12.2019 жылы сот шешімі орындалған.  Жоғарыдағы бейнежазба сот орындау актісіненкөрініс болып табылады. Яғни, бейнежазбадағы сот орындаушының және құзырлыоргандардың іс-әрекеттері заң аясында жүзеге асқан.

Айта кетейік, Түркістан қаласының әкімдігі тарапынанотбасыға уақытша тұрғылықты жай, ыстық тамақ және бірнеше мәрте қаржылай көмекұсынылған болатын. Дегенмен, үй иелері ол жағдайлардан бас тартты»,-делінгенәкімдіктің берген ресми мәліметінде.

Біз бүгін ТалғатЖаңбыршиевпен телефон арқылы сөйлескен болатынбыз. Ол әкімдік тарапынан өзінеешқандай  көмектің берілмегенін айтыпотыр.

«Жаңа әкімге кіріп шықтым. «Мектепке орналастырамын»деді. Мен мектепті барып паналап отыратындай қашқын емеспін, болмасаАрыстағыдай үйіме бомба түскен жоқ. Бәрін өздері қиратып кетті. Дәл бүгінгікүні Түркістанда 12 миллион теңгеге жер алып, сол жерге палатка тігіп отыруыңмүмкін. Басқасына жетпейді. Жылжымайтын мүлікті бағалаушыларды әкімдіктің өзітапқан. Біздің тапқанымызды жаратпады. Отбасымда сегіз адамбыз. Жұбайым, бала-шағам, немерелерім бар.  Үлкен ұлым үйленген, оның бір жас екі айлықбаласы бар, келіннің аяғы ауыр»,-деді Талғат Жаңбыршиев. 

ТалғатЖаңбыршиев Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азамат. 1986 жылы ол Түркістандағыет комбинатының жолдамасымен Алматыда оқуда жүрген. Оқиға кезінде солдаттардыңтепкісіне ұшырап, абақтыға түскен. Абақтыда оның үстіне қылмыстық іс қозғап, 10күні бойы азаптаған. Он күні он жылдай болған ол бәріне төзіп, тергеушілердіңмойнына ілген айыптарын мойындамапты. Ақыр аяғында ол әкімшілік жазаға тартылып, түрмеден босаған екен.

«Енді не істерімді білмеймін. Дәл қазір әкімдіктежүргенімде үй бұзуға кедергі келтіргені үшін полицейлердің ұлдарымды жәнеолармен бірге болған достарын, бас-аяғы 5-6 адамды сотқа алып кетіпті. Өзүйінің бұзылуына қарсылық білдірген адамды жазалауға бола ма?» — деді Талғат Жаңбыршиев.

Шамасы тәртіп сақшылары Жаңбыршиевтің ұлдарынсот шешімін орындауға кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапқа тартудыойластырған сияқты.

Фотоны автор ұсынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега