Саясат

Шенеуніктерге смартфондарын қайтару керек

Шенеуніктің қолындағы смартфонын тартып алудың қажеті жоқ. Республикалық арнайы мониторингтік топтың төрайымы Айгүл СОЛОВЬЕВА мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында смартфондарды пайдалануына салынған тыйымды алып тастау керек деген пікірде.

Jasalash.kz
Себебі, шектеудің кері тұстары да барын ескеру керек дейді.«Көптеген жас шенеуніктермен кездесулерден кейін түйгенім, егер біз Қазақстан дамыған 30-елдің қатарына қосылып, 4-өнеркәсіптік революция дәуіріне енуіміз керек деп жатқанда, смартфон пен электронды құралдарға шектеу қойып, онсыз елестету мүмкін емес. Бұл шектеу біріншіден, адамдардың  азаматтық құқығын бұзады. Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің де ел қатарлы бала-шағасы бар. Мысалы, ол ата-аналар чатында болуы мүмкін, баласының балабақшада не болып жатқанын, немесе мектепте шұғыл мәселелер шығып қала ма, хабардар болып отыратын шығар. Бір жағынан, смартфон шенеуніктердің  ақпарат алмасуы үшін де қажет құрал. Өз басым  4-өнеркәсіптік революция дәуіріне енуіміз керек деп жатқанда, смартфон пен электронды құралдарға шектеу қою қисынсыз деп ойлаймын», — дейді қоғам қайраткері Айгүл Соловьева.Арнайы мониторингтік топ мүшелері қазір өңірлерді аралап жүр. Ақтөбеге сапарында Айгүл Соловьева бастаған топ «Студенттерге қызмет көрсету орталығы», «Халықтық кеңсе», қалалық емханаларда болып,   көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің берілу сапасын тексерді.

Фото автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега