Қоғам

Шерзат ісінде танымал болған ақын 12 жылға сотталуы мүмкін

Шерзат Полат ісінен кейін өткір өлеңдерімен танылған ақын Ербол Бықыбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Фото: әлеуметтік желіден

Адвокат Дәулетхан Ахметовтың мәліметінше, ақын Тараз қаласында ұсталған. Оған Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі – терроризмді насихаттау бойынша күдік келтірілген.

Заңгердің айтуынша, Ербол Бықыбаевтың ұсталуына әлеуметтік желіде тараған видео себеп болуы мүмкін. Алайда оның нақты сол жазбаға байланысты ұсталғаны әзірге белгісіз.

Дәулетхан Ахметов бұл бап бойынша жаза ауыр екенін атап өтті. Егер кінәсі дәлелденсе, күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қамауға алу туралы шешім қабылданса, ол екі айға дейін уақытша ұстау изоляторында қалуы ықтимал.

Сайт Әкімшілігі