Әлеумет

Шетелде тұратын қазақстандықтардың зейнетақысы тоқтатылуы мүмкін

Қазақстан шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтардың мемлекеттік зейнетақысын төлеу тәртібін өзгертуді ұсынып отыр.

Фото: Pixabay

Тиісті түзетулер Әлеуметтік кодекске енгізіліп, Құрылтайдың қарауына түскен.

Конституциялық соттың мәліметінше, заң жобасы қабылданса, шетелде тұратын қазақстандықтар жыл сайын сол елде Қазақстандағы зейнетақыға ұқсас төлем алмайтынын растауы керек болады.

Мұндай анықтама ұсынылмаған жағдайда азаматтарға зейнетақы тағайындаудан бас тартылуы немесе төленіп жүрген қаражат уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақыға қатысты. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарға бұл талап қолданылмайды.

Сонымен бірге Конституциялық сот мамыр айында азаматтың шетелге тұрақты тұруға көшуі өздігінен оның мемлекеттік зейнетақы алу құқығынан айырмайтынын түсіндірген. Ол үшін заңда белгіленген өзге талаптарға сай болуы қажет.

Әзірге жаңа тәртіп күшіне енген жоқ. Заң жобасы Құрылтайда қаралып, қабылдануы тиіс.

Сайт Әкімшілігі