Қоғам

Шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар арнайы есепке алынуы мүмкін

Қазақстан азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру кезінде арнайы есепке алу тетігін енгізу жоспарланып отыр.

Фото: Pixabay

Бұл шара адам саудасына қарсы күресіп, азаматтардың еңбек қанауына ұшырауының алдын алуға бағытталған.

Тиісті бастама Үкіметтің 2027–2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына енгізілген. Құжатқа Премьер-министр Олжас Бектенов 28 қазанда қол қойған. Жаңа тетікті 2027 жылдың екінші тоқсанында іске қосу көзделіп отыр.

Сонымен қатар билік жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметіне бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, еңбек мигранттарының жұмыс және тұрмыс жағдайы тексеріліп, Қазақстандағы шетел азаматтарының заңгерлік және әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі кеңейтілмек.

Сайт Әкімшілігі