Әлеумет

Шевронан 70 мың респиратор

Коронавирустық инфекция жағдайларында медициналық персоналдықорғауды күшейту жобасының аясында “Шеврон” компаниясы Колумбия университетініңжанындағы ICAP орталығымен бірге Алматы қаласындағы медициналық мекемелерге 70000 респиратор маска тапсырды.

Jasalash.kz

Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша, маскалардыңкөбі COVID-19 диагнозы расталған пациенттерді емдейтін және инфекциясы барболуы мүмкін пациенттерді бақылайтын барлық инфекциялық стационарларғажіберілді. Сонымен қатар респиратор маскалары басқа да медициналық мекемелергетапсырылды.Дұрыс пайдаланған жағдайда ICAP сатып алған FFP2 қорғаныс класты респиратормаскалар медициналық қызметкерлерді СOVID-19 вирусының ауа-тамшылы берілуіненжоғары деңгейде қорғайды.

Қазақстан Республикасымен 27 жылдан астам серіктестігі барысында “Шеврон”компаниясы жергілікті медициналық мекемелердің инфрақұрылымдарын жақсартуғажәне қазақстандық дәрігерлердің әлеуетін дамытуға бағытталған көптегенжобаларды іске асырды. Биылғы жылдың наурызында компания Алматы балаларинфекциялық ауруханасында COVID–19 вирусына шалдыққан пациенттерді емдеу үшінекі жоғары технологиялық ИВЛ (өкпені жасанды желдету) аппаратын орнатты.Сонымен қатар сәуір айында “Шеврон” ICAP орталығымен бірге Денсаулық сақтауминистрлігіне Қытайдан COVID–19 бойынша мамандар делегациясының сапарынұйымдастыруға көмектесті.

“Қытай мамандарының келуі өте орынды әрі пайдалы болды. Онлайн семинарларбарысында Қазақстанның барлық аймақтарындағы дәрігерлер қытайлық әріптестеріменCOVID–19 диагностикасы және емдеу тәжірибесін, сонымен қатар Қытайдапайдаланатын вирустың одан әрі таралуын эпидемиологиялық бақылау әдістерінталқылады”, – дейді ICAP Орта Азия елдеріндегі директоры Анна Дерябина.ICAP орталығы АҚШ, Нью-Йорк қ. Мэйлман ат. Колумбия университетінің қоғамдықденсаулық сақтау мектебінің бөлігі. Орталық жұмысының негізгі мақсаты отбасылармен қауымдастықтар денсаулығын жақсарту болып табылады. Бүгінгі таңда ICAP30-дан астам елде денсаулық министрліктеріне денсаулық сақтау жүйелеріннығайту, медицина қызметкерлерін оқыту, денсаулық сақтау саласында инновациялықәдістерді әзірлеу және іс жүзінде пайдалану саласындаконсультациялық-әдістемелік көмек көрсететін және ірі ауқымды зерттеу жобаларынжүргізетін ірі халықаралық ұйым. Қазақстан Республикасында ICAP 2011 жылданбері АИТВ инфекциялары бойынша бағдарламалардың тиімділігін арттыру мәселелерібойынша Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеп келеді.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега