Оқиғалар

Шикі ет жеген баланың видеосы Қазнетте қызу талқыға түсті (видео)

Қазнет қолданушылары шикі ет жеген баланың видеосын талқылап жатыр. Видео Kozachkov offside Telegram каналында пайда болды.

Jasalash.kz

«Ата-ана құқығынан айыру керек пе немесе патриотизм үшін пәтер беру керек пе?» деп сұрақ қояды видео авторы.

Сондай-ақ, жарияланған видеода әйел адамның күлгені естіледі. Желіде бұл видео кеңінен талқыланып жатыр.

Педиатр-дәрігердің айтуынша, шикі ет жеу ағзаға өте зиян. 

Дәрігерлер шикі ет тұтыну  гельминтикалық және жұқпалы аурулардың көзі болып саналатынын баса айтып отыр.  

«Бруцеллез, туберкулез, сальмонеллез немесе эхинококкоз, альвеококкоз — бұл ең қауіпті аурулардың бірі етті шала пісіріп жеуден туындайды.  Әзілдейтін нәрсе емес. Бұл іс жүзінде баланы мазақ ету», — дейді дәрігерлер.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега