Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде балалар арбасы өртеніп, 4 адам эвакуацияланды
Бүгін Шымкент қаласының Нұрсат-2 шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы баспалдақ алаңында тұрған балалар арбасы өртенді.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт 2 шаршы метр аумақта қысқа уақытта толық сөндірілді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында баспалдақ арқылы 4 адам эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ.