Шымкентте көше қиылысында дрифт жасаған жүргізуші қамалды
34 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жолда қауіпті әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Жүргізуші қала көшелерінің қиылысында әдейі дрифт ұйымдастырып, күрт маневрлар жасап, қарсы жолаққа шығып, жол қозғалысы ережелерін елемеген.
Құқық бұзушының айтуынша, ол бұл әрекетін інісінің үйлену тойын атап өту мақсатында жасаған. Мұндай “тойлау” жол үстінде өзге қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген. Оның әрекеттері жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін жағдайларды туындатқан.
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп бұзушы ұсталып, әкімшілік қамауға алынды.