Шымкентте лицензиясыз пластикалық ота жасаған азамат сотталды
Шымкентте тиісті сертификаты мен лицензиясы болмай, пластикалық хирургия саласында медициналық қызмет көрсеткен адам сотталды.
Сот анықтағандай, ол жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасаған. Отадан кейін жәбірленушінің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.
Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар оған үш жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.