Қоғам

Шымкентте мектеп оқушысы сабақ үстінде қаза болды

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында орын алған. Оқушы сегізінші сыныпта оқиды. Оның кенеттен жүрегі тоқтап қалып, оқиға орнында көз жұмған. Марқұм болған бала отбасында үш баланың ортаншысы болған.

Фото: из открытых источников

«Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші төтенше жағдайды шақырды. Алайда жедел медициналық көмек келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болды»,- деп хабарлады Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомстводан құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын қосты. Полицейлер бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

 

Сайт Әкімшілігі