Қоғам

Шымкентте мемлекеттік құпияларды жария еткен азамат 5 жылға сотталды

Шымкент қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды.

Фото: из открытых источников

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді, делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: pixabay

Nurbike Beksultan
Тегтер: Шымкент