Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын: Күдіктінің ақыл-есі дұрыс болып шықты
Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеп, негізгі тергеу әрекеттері толық жүргізілгенін айтты.
Қазіргі таңда іс бойынша соңғы процессуалдық рәсімдер жүргізіліп жатыр.
Іс аясында сот-психиатриялық сараптама да тағайындалған. Сараптама қорытындысы бойынша, күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Бұл оның заң алдында толық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.
Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа жолданады.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған. Тергеу дерегінше, күдікті қызды ұзақ уақыт аңдып, кейін оған пышақпен шабуыл жасаған. Нұрай Серікбай алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.