Аймақ

Шымкенттегі жанжалға байланысты ПД пікір білдірді

Шымкент қаласында аурухана қабылдау бөлімінде екі ер адамның арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенімен мекемеде тыныштық сақталмаған.

Фото: egov.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жанжал кезінде бір ер адам екіншісіне соққы беріп, салдарынан бас сүйек-ми жарақатын алған. Дәрігерлер зардап шеккен азаматқа шұғыл көмек көрсеткен.

Куәгерлердің айтуынша, алғашқы соққыдан кейін жанжал шығарған ер адам ашуын баса алмай, полиция қызметкеріне де қоқан-лоқы жасаған

Полиция департаменті оқиғаға қатысты күдіктінің ұсталғанын растады. 

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Шымкент