Оқиғалар

Ішкі нарық – отандық өндірістің тірегі

Қазақстанда ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыс күшейіп келеді.

Фото: из открытых источников

 Мемлекет импортқа тәуелділікті азайтып, қазақстандық өнімнің ішкі нарықтағы үлесін арттыруға басымдық беруде.

Сонымен бірге қазақстандық кәсіпорындардан сатып алу көлемін арттыру көзделген. Мәселен, 2025 жылы отандық өндірушілерден сатып алу көлемі екі есеге өсіп, шамамен 2,2 трлн теңгеге жеткен. Ал 2026 жылдың алғашқы жартысында ірі компаниялар мен квазимемлекеттік сектор қазақстандық өндірушілермен 466,1 млрд теңгеге осындай келісім жасады.

Яғни биылдан бастап қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі маңызды құралға айналды. Оған нақты өндірісі бар кәсіпорындар ғана енгізіліп, мемлекеттік қолдау мен реттелетін сатып алуларға басымдықпен қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жалған өндірушілерді шектеуге және мемлекеттік қолдаудың нақты өндіріске бағытталуына мүмкіндік береді.

Тоғжан Төлеген

Сайт Әкімшілігі