Қоғам

Ішкі істер министрі елімізді «штрафстан» дейтіндерге жауап берді

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Қазақстанды «штрафстан» деп атайтын пікірлерге қатысты көзқарасын білдірді.

Фото: из открытых источников

Сәденовтың сөзінше, кейбір азаматтар заң бұзудың салдарын тек қаржылай жауапкершілікке тартылған кезде ғана түсінеді. Сондықтан жазалаудың басты мақсаты – азаматтарды тәртіпке шақырып, қауіпсіз орта қалыптастыру.

«Айыппұл заңды сақтаған адамға салынбайды. Ол ережені саналы түрде бұзған азаматқа тағайындалады. Бір адамның қателігі өзгелерге сабақ болуы керек», - деді министр. 

Ол қоғамда құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Мысал ретінде Ұлытау облысында стадион орындықтарын сындырған балалар мен Астанада саябақ мүлкін бүлдірген жастардың әрекеттері келтірілді. Сонымен қатар Атырау облысында ересектерден кейін қоқыс жинаған кішкентай баланың ісі қоғамға үлгі ретінде көрсетілді. ІІМ заң мен тәртіп қағидаттарын бала кезден қалыптастыру қажет деп санайды.

Ержан Сәденов жол қозғалысы ережелерін мысалға келтіріп, бүгінде қызыл шамға тоқтау қалыпты құбылысқа айналғанын еске салды. Қазір Қазақстанда 6 миллионнан астам көлік тіркелген, ал Алматының өзінде 700 мыңнан астам автокөлік бар.

«Адам заңға сай өмір сүрсе, ол еркін жүреді. Оған қорқудың да, ақталудың да қажеті жоқ. Сондықтан қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заң талаптарын сақтау маңызды», - деп түйіндеді министр.

Сайт Әкімшілігі