Қоғам

Ішкі істер министрлігі Еламан Балтагерейдің АҚШ-та ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейге қатысты жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев хабарлады.

Фото: ашық дереккөзден

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.

«Иә, аталған жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігі хабардар. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай анықталуда. Қосымша ақпарат ресми деректер келіп түскен бойда беріледі», - деді Ерлан Жетібаев.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың құқық қорғау органдары 5 маусым күні Калифорния штатында Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстағанын хабарлаған болатын. Америкалық тарап оның халықаралық деңгейде террористік ұйым деп саналатын топпен байланысы бар-жоғын тексеріп жатқанын мәлімдеген. 

Қазіргі уақытта қазақстандық азаматтың ісіне қатысты ресми тергеу шаралары жалғасуда. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Сайт Әкімшілігі