ШҚО-да екі жұмысшы кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған
Қасым Қайсенов кентінде кәріз құдығын тазалау кезінде екі жұмысшы құдық ішінде есінен танып қалған.
Оқиғаны Ұлан ауданының криминалисі Асет Нағашбаев байқап қалған. Ол сол маңнан өтіп бара жатып, кәріз құдығы жанындағы адамдардың дабылға толы айқайын естіп, дереу учаскелік полиция инспекторына хабар берді.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Тетепов дереу жетті. Әр секундтың маңызды екенін түсінген ол кідірместен арқан сұратып алып, оны бекітіп, кәріз құдығынан екі жұмысшыны алып шықты.