Өңір

Шөкеев: 40 минутта бір айлық жаңбыр жауды

Түркістан облысында қатты жауған жаңбырдан өзендердегі судеңгейі көтерілді. Бірнеше елді мекенде үйлерді су басты.

Jasalash.kz

  Қазір осы жағдайға байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып,арнайы штаб құрылды.

Бүгін таңертең облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев су тасқынықатты болған Төлеби ауданындағы елді мекендерді аралады. Облыстық әкімдіктіңтаратқан мәліметі бойынша  аталғанауданда 6 елді мекендегі 260 тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Тұрғындар қауіпсіз аумаққакөшірілген. 27 үйдің құлау қаупі бар.

-Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдарыалғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Қауіпсіз аумаққа көшірілгендеріңіз дұрысболды. Үйлерді полиция қызметкерлері күзетеді. Уайымдамаңыздар. Саман үйқұласа, өздерінің үшін қауіпті. Барлық аудандар осында көмекке келіп жатыр,-деді Өмірзақ Естайұлы Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде.

Бүгін түнде Төлебиге Қазығұрт, Сайрам және Ордабасыаудандарынан көмек жетті. Олар халықты эвакуациялап, қажетті заттар мен ыстықтамақпен қамтамасыз етуде.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега