Шөкеевтің емес, шаруалардың айтқаны дәл келді
Бүкіл әлемді шарпыған коронавирус отандық ауыл шаруашылығынада кері әсерін тигізуде.
Дәлірегі – індеттің алдын алу үшін салынған шектеулер,төтенше жағдайдың салдарынан туындаған экономикалық қиындықтар ауылшаруашылықтауарларына деген сұранысты төмендетті. Бірінші кезекте экспорттаушылар зардапшегуде.
Соңғы жылдары оңтүстіктешаруалардың ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүргені рас.Республикадағы ет экспортының басым бөлігі Түркістан облысына тиесілі. Өңірдежылыжай шаруашылығы да жақсы дамуда. Оңтүстіктің ең басты артықшылығы –климаттың жылылығы. Ерте піскен өнімкөрші елдерге, Еуропаға сатылады. Күнгейде өсірілген қырыққабаттар Ресей асса,жазда дәмі тіл үйіретін қауын-қарбыз Германияға дейін экспортталады. Алайдабиылғы жағдай басқаша. Қазірдің өзінде шаруалар жинаған өнімдерін сата алмайотыр.
Біз осы жөніндешаруалардың өздерімен сөйлесіп, мән-жайды сұрап көрген болатынбыз. Мақтааралауданындағы «Интер-3» кооперативінің төрағасы Тұрсынбай Бердалиевпенбайланысқанымызда, ол егістікте, мақта егу жұмыстарының басы-қасында жүргенінмәлім етті. Төрағаның айтуынша, биылғы ауа райы мақта егуге өте қолайлы болыптұр екен.
– Сол себепті шитсебу жылдағыға қарағанда ерте басталды. Мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктержасалуда. Жанармай 164 теңгеден берілуде. Минералды тыңайтқыштар арзандатылғанбағамен жеткізілуде. Карантин көктемгі егу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқанжоқ. Бірақ «үш адамнан артық жиналмасын»деген талап егістіктің басында да сақталады. Кабинада отырғантракторшыларымызға дейін маска тағады. Қиындық дегеніңіз барлық уақытта болады.Өсірген қырыққабатты сата алмай отырғанымыз рас. Бірақ бізге дәл қазір позитив қажет.Өтпей қалған өнімді халыққа тегін таратудамыз. Коронавирус елдің бойындағыжақсы қасиеттерді оятып жатыр, – дейді шаруашылық төрағасы.
Қырыққабаттың өтпей қалуы төтеншежағдай кезіндегі шектеу шараларымен байланысты емес. Облыстық ауыл шаруашылығыбасқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың шаруаларға арнаған үндеуіне сенсек, еліміздіңішінде немесе экспортқа өнім сатуда ешқандай кедергілер жоқ. Тауарды экспорттаушыларға карантиндік жәнефитосанитариялық сертификаттар беріледі. Сертификатпен бірге «Bizbirgemiz» логотипімен қамтамасыз етіледі. Осы белгі өнімдібарлық пост-бекеттерден тездетіпөткізуге мүмкіндік береді.
«Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан қырыққабат өнімінің экспортына қойылғаншектеу алынып тасталды. Соның арқасында еліміздің өзге өңірлеріне 50 мың тоннажәне Ресей Федерациясына 250 мың тонна өнім сату жоспарланып отыр. Мәселен,бүгінде Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды облыстарынаоңтүстіктен қырыққабат, қызанақ, қияр өнімдері жөнелтілді» делінген облыс әкімдігініңтаратқан позитивті мәліметінде.
Жоспардыңқаншалықты орындалатынын уақыт көрсете жатар. Бірақ егілген өнімнің қазірдіңөзінде өтпей жатқанын, өтпеген өнімді шаруалардың халыққа тегін таратқанынжоғарыда келтірдік.
Қырыққабаттыңөтпей қалуының басты себебі – сұраныс төмен. Мақтаарал аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбековтің айтуынша, қырыққабатты сатыпалатын Ресейде шектеу шаралары күшейіп тұр. Облыстық ауыл шаруашылығыбасқармасы барлық облыстарға хат жолдап, сұраныс сұратыпты. Алайда келіп жатқансұраныс азын-аулақ қана. Ал шаруа нақты сұраныс болмайынша, өнімді жібереалмайды. Яғни бұл салада проблема бар деген сөз.
Жалпы,облысқа Өмірзақ Шөкеев келгелі ауыл шаруашылығына екі жаңалық енгізілді. Оныңбіріншісі – жаңбырлатып суару, екіншісі– бір жерден жылына екі-үш мәрте өнім алу әдісі. Бір ғана Мақтаарал ауданындаекі-үш мәрте өнім алу әдісін енгізу мақсатында 90 жоба қолға алынған. Жоба бойыншашаруа ерте көктемде қырыққабат егіп, өнімді сәуірде жинап алады. Одан кейінбосаған егістікке қауын-қарбыз немесе басқа да өнім егеді. Биыл қауын-қарбызғадеген сұраныстың қаншалықты дәрежеде болатынын алдын ала айту қиын. Негізгітұтынушы Еуропа мен Ресейді вирус сансыратып тұр.
Ендігі үмітмақтада. Ғалым Дүйсенбековтің айтуынша, шаруалар биыл мақта көлемін көбейткен.
– Мақтааралауданы бойынша былтыр 38 мың гектар алқапқа мақта егілген еді. Биыл бұдан дакөп болады деген жоспар бар. Шаруалар мемлекет тарапынан барлық жеңілдіктердіалуда. Химикаттарға, биопрепараттарды қолданушыларға субсидия төленеді, – дедібөлім басшысы.
Былтырданбастап мемлекет мақтаның әр тоннасына 12 мың теңгеден субсидия төлей бастады. Мақтапайдасыз кәсіп емес, егер «ақ алтынның» бағасы жоғары болса… Былтыр оңтүстіктешитті мақтаның тоннасы 130 мың теңгеден қайтты. Диқандар биыл баға одан дажоғары болады дегенді айтып отыр. Себебі доллар қымбаттады.
Осы жерде былтыр қазан айында орталық коммуникацияларқызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің мақтағақатысты айтқан пікірі еске түседі. «Мақта егудіқысқарту керек. Өйткені қазір өте тиімсіз дақыл болып тұр. Оның орнына көкөніс,бау-бақшаны көбейтуіміз керек. Оны қалай жасау керегін үйрету үшін қайта-қайтасеминар өткізіп жатырмыз. Келесі жылы бұл жағынан бетбұрыс болады деп ойлаймын»,– деген еді әкім. Сол кезде шаруалар бұл пікірдің дұрыс емесін, қайта керісінше,мақта шаруашылығын қолдау керегін, ал бақша өнімдеріне деген сұраныстың өте тезөзгеретінін айтқан болатын.
Мақтаның ең бастыартықшылығы – ешқашан сұраныс төмендемейді. Яғни шаруа өнімді қайдаөткізетініне бас қатырмайды. Мақта бұзылмайды, оны сақтап қойып, жылдың кез келген уақытында сата беругеболады. Соңғы жылдары шаруалар бағаға байланып қалмай, жерден көбірек өнімалуға, сол арқылы көбірек пайда табуға тырысып жатыр. Мақташылардың биылғыеңбегі еш кетпейтін сияқты. Яғни мақта,Шөкеев айтқандай, «өте тиімсіз дақыл» емес екен. Мұны өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
P.S. Елді коронавирус қысатынын ол кезде облыс әкімібілген жоқ, әрине. Дегенмен Шөкеевтің емес, шаруалардың айтқанының дәл келгенінқарасаңызшы.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
Түркістан облысы