Шолақ белсенділердің әрекеті бетперде дауын одан әрі өршітті (видео)
Нақ қазіргі біздегі төтеншежағдай режимін бақылаудың сипаты «шаш алдесең, бас алады» дегенге көбірек келеді.
Онсызда абдырап, ертеңіне алаңдапотырған елді кейбір шолақ белсенділердің әрекеті тіпті тығырыққа тіреуде.
Мысалы, кеше, Қостанайоблысында 2 сәуірден бастап қоғамдық көліктерде тұрғындарға бетпердесіз жүругеқатаң тыйым салынды.
Жергіліктіполиция қызметі бастығының орынбасары Виталий Цойдың айтуынша, бас мемлекеттіксанитарлық дәрігердің қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес барлықавтобустар мен такси жүргізушілерінде, жолаушыларында медициналық маска болуытиіс. Тұрғындар маскасыз автобусқа кіре алмайды. Енді Қостанайда маскасыз жүрген адам жауапқатартылады. Бұдан соң кеше іле-шала Шымкент қаласының бассанитары да «барлық мемлекеттік органдардың,ведомстволардың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері,сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үнемі қорғаныс бетпердекиюге міндетті» деген қаулы шығарды. Енді Шымкентте де маскасыз жүрген адамайыппұл арқалайды. Өткен аптада Қарағандыда дүкенінің сатушысыжұмыс орнында маскасыз болғаны үшін объектінің иесі 5 тәулік мерзімге әкімшілікқамауға алынды. Осылайша қазір Қазақстанда маскасыз жүрудің арты қамалып, айыппұлтөлеуге апарып соқтырып жатыр. Бұл жайында біз «Жас алашқа» жаздық.
Жалпы, осыаты жаман індетпен күрес басталғалы беріелде бетперде мәселесі шешілмей-ақ қойды. Қанша жерден билік «масканы тегін таратыңдар, маскаға шектік бағабелгіленсін, орынсыз қымбаттамасын» дегенімен мәселенің шешілер түрікөрінбейді. Қазір кез келгенаймақта масканың бағасы қымбат және оны табу да оңай емес. Халық «маска жоқ, тапшы» дейді, ал жергіліктіәкімдер бұл проблеманың барын жоққа шығарады. Бұл жағдайды тура бір «қырық кісі біржақ, қыңыр кісі бір жақтың» кері дерсің.
Мысалы, Алматы қаласының әкімі БақытжанСағынтаев медициналық маскалардың тапшылығын болдырмау мақсатында Алматыныңтауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудепартаменті қала дәріханаларына тұрақты мониторинг жүргізіп жатқанын алғатартады. Ал Жамбыл облысының әкімдері әрүйге бес маскадан тегін таратса, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің маскасы әрүйге бір маскадан ғана жетіп қызық болды. Бұл жайында да «Жас Алашта» қозғадық. Басқа аймақтарда да бетперде мәселесі елдің қитығына тиіп тұр.
Осылайшамаска мәселесі жуық арада шешілетін түрі көрінбейді. Тіпті медициналықмаскалардың делдалдардың қолына түсіп кетіп қара базарға дейін шығып кеткеніжайлы да деректер көп. Өткен аптада ғана осы жағдай Шымкенттегі елдің наразылығынтудырып, халықты ашындырған болатын. (Төменде видеоданкөруге болады).
Айтпағымыз, індетіргемізге келмей тұрып 15-20 теңгеден ғана сатылған бетперде бағасы бүгінде200-300 теңгені құрады. «Бағаны бақылауда ұстаймыз, халыққа қажетті заттардықымбаттамауы керек» деген Үкіметтің үкімін тыңдаған адам болған жоқ. «Өзімізқымбатқа аламыз, сондықтан қымбатқа сатамыз» деп саудагерлер де жанығып тұр.Оған төтенше жағдай режимін бақылаған құзырлы орган қызметкерлерінің «бюрократизмін»қоссаңыз, айналып келгенде бұдан қара халық зардап шегуде.
Ал жағдайосылай түзіліп тұрғанда «маскасыз жүрсің» деп халықты жауапқа тартқаннан гөрі, «ел-жұрттынеге қажеттілігімен толық қамтамасыз етпедің» деп министрліктерге сұрау салған жөн емес пе?!
Жалпы, бізбілетін бас санитардың қаулысында осы маска мәселесіне қатысты «маска тақпағанадамды қамау керек, болмаса жауапкершілікке тарту керек» деп нақты айтылмаған.Аталмыш қаулыда: «30наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігі жұмысын тоқтатады. Көшеде полицияқызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса, оған түсіністіктанытып, жауап беру керек. Қауіпті кеселді ушықтырмау үшін қоғамдық орындардаүш адамнын артық жиналуға болмайды. Жұмысқа бағыт алғандар мен азық-түлік,дәрі-дәрмек алуға шыққандардан бөлек бейсауат жүріске рұқсат жоқ. Саябақтар менсеруенге арналған қоғамдық жерлер оқшауланып жатыр. Қазір көптеген орындарқаңырап тұр. Коронавирус жұқтырудың алдын алу мақсатында 65 жастан асқанқазақстандықтардың жүріп-тұруына шекте енгізілді. Оларға қажет тауарлар мендәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізіп беру қарастырылған» деген пункттер ғана көрсетілген.
Ал сонда қаулыны желеу етіп, маскадауын қыздырып жүргендер кімдер?! Мұны тағы сол «шаш ал десе бас алатын» шолақбелсенділердің әрекеті демей не дейміз енді?!
Осы індетпен күресіп жатқан дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін алыпқарасақ, олардың бірде-бірі маскасыз жүрген адамға айыппұл арқалатып, бес тәулікке қамап тастап жүйкесінтоздырмапты. Ал сонда біздікі не тәлпіштік?!
Әр адамның қауіпсіздігі өзі үшін маңызды екенін көзі ашық жұрт біледі. Маскатапқаны бағасының қымбатына қарамай сатып алып, киіп жүр. Ал таппағаны тігіншіболып кетуге шақ қалды. Қолдан тігіп алып жоқтан бар жасап алып жатқандары дажетерлік. Тіпті оған жағдайы жоқ жұртты «қамаймыз» деп қорқытып үркітуқаншалықты қисынға келеді?! Былайынша айтқанда бір ғана бетперденің айналасынаносынша дау шығарып даурығып кетуіміздің өзі әсіренауқаншыл, жалған күрескерекенімізді айшықтап беріп тұрғандай...