Щучинскідегі «Центр плова Loft» кафесіндегі жарылысқа қатысты үш адам сотталды
Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тапқан Щучинскідегі кафеде болған жарылысқа қатысты үш фигурант нақты бас бостандығынан айрылды.
Кафені жалға алушы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып, ауыр зардаптарға әкелгені үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын өтеп шыққаннан кейін тағы үш жыл бойы қоғамдық тамақтану саласында кәсіп жүргізуіне тыйым салынады.
Жанармай құю станциясының директоры да 7 жылға сотталды. Сот оны қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсеткені үшін кінәлі деп таныды.
Ал газ жеткізуші дәл осы бап бойынша 6 жылға бас бостандығынан айрылды.