Саясат

Швейцария Храпуновтың қылмыстық ісін тоқтатты

Швейцарияпрокуратурасы ақша жымқырды деп айыпталған Алматының бұрынғы әкімі ВикторХрапуновтың үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатып, оған тағылған айыптыалып тастады.

Jasalash.kz

Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

«Мемлекеттікайыптаушы істі тоқтату туралы бұйрық шығарған, оны 14 қараша күні тараптарғаберген», – дейді Женева прокуратурасының өкілі.

Тараптар 25қарашаға дейін апелляция түсіре алады.

" Алматыныңбұрынғы әкімі мен оның отбасы, соның ішінде атақты олигархтың үстінен қылмыстықіс 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан", – делінген Reuters.

Храпуновмиллиондаған қаржы жымқырды деген айыпты үнемі жоққа шығарып келген. Қазақстан сотыэкс-әкімді 2018 жылдың қазанында қаржы жымқыружәне жемқорлық айыптары бойынша кінәлі деп тауып, сырттай 17 жылға соттағанболатын.

Reuters Швейцарияпрокуратурасының бұл шешімі Қазақстанға Храпуновқа қатысы бар олигархтықудалауға кедергі келтіруі мүмкін деп топшылайды. Бірақ ақпарат агенттігі ол олигархтыңатын атап, түсін түстемепті.

«Швейцарияныңбұл шешімі Қазақстанға жүздеген миллион долларды жымқырған, Храпуновқа қатысыбар олигархты қудалауға кедергі келтіруі мүмкін», – дейді Reuters.

 

 

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега