Шығыста құрылыс материалын сотталғандар шығарады
Түрлі жолмен қылмысы үшін айыпталып, түрмегетүскендерді жұмыспен қамтуға ШҚО-дағы әкімшілік және құзырлы органдар барыншаназар аударып жатыр.
Әсіресе, жаз шыққанда көркі қызатын құрылыс нысандарынақажетті материалдар шығаратын кәсіпорындарға сотталғандарды жұмысқа тұрғызумәселесі оң шешімін таба бастаған сияқты. Бұл туралы «ЖасАЛАШТЫҢ»өңірдегі тілшісі ШҚО прокруатурасының баспасөз қызметі жолдағанмәліметке сүйене отырып хабарлайды.
ШҚО прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, бүгіндеоблыстағы түзеу мекемелеріндегі 1,5 мың жазасын өтеп жатқандарды «Еңбек-Өскемен»РМК филиалдары мен 64 жеке кәсіпкер жұмыспен қамтыған. Тағы да 400-ден астамсотталғандар өндірістік-шаруашылық жасақтарында еңбегін өтеуде. Оларға еңбек келісімшартына сәйкес,жалақы төленеді екен. Есесіне, сотталушы тапқан нәпақасына өзіне азық-түлік,қажетті затын сатып алады. Тіпті, жақындарына ақша жіберіп, айыптаушы жақтыңалдындағы залалын өтеп жатқан жайы да бар.
Облыстың түзеу мекемелерінде құрылысматериалдарын өндіруге де мүмкіндік берілген. Соның нәтижесінде өндірістіккәсіпорындар шлакоблок, газоблок, түрлі формадағы өрнектастарды осы жерлердежасап жатыр. Одан өзге жазасын өтеушінің қолынан шыққан пластик терезелер,есіктер, үй, кеңсе жихаздарын, ағаштан және метал бұйымдарын шығару да қарқын алған. Бұлөнімдерге қазір нарықта жоғары сұраныс барына қарап, бұл бағыттағы істің елгеде, түрмедегіге де пайдасы барын аңғару қиын емес.
«Қазіргікезде Өскемен, Семей қалаларында, Шемонаиха мен Жарма аудандарының түзеу мекемелерінде жалпы алаңы 13 мыңшаршы метр аумақты алатын өндірістік бос орын-жайлар бар. Олардың барлығы дақажетті инфрақұрылыммен қамтакмасыз етілген»,-деп хабарлайды ШҚО прокуратруасыныңбаспасөз қызметі.
Фото: supl.biz