Саясат

Шығыстың имиджін парақор шенеуніктер жасап жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ өзі басқарып отырған өңірді «жақсы жағынан» көрсетугекелгенде мәрттігіне қайран қаласың.

Jasalash.kz

Әрине, патриоттық тұрғыдан дұрыс әрі мемлекеттік саясатты дұрыс бағыттатүсіндіру үшін облыстық бюджеттен осыншама қаражат  қажет те шығар,кім  білсін?.. Алайда, төмендегікартинада жымия күліп тұрған әкімнің жанындағы соманы көргенде, РR-жарнаманыңқұнына таңырқамасқа шараң жоқ.

Иә, сонымен облыс әкімі Даниал  Ахметов үшін ШҚО-ның имиджін  қалыптастыру үшін 576 780 500 теңгені, сол бағытта барын салатынблогерлер үшін 130 000 000теңгені облыс бюджетінен  бөле салу түкемес тәрізді. Бұл туралы «Жас алаш» тілшісі «Азаттық рухы» (azattyq ruhy.kz) сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ал, ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасарыРишат РАМАЗАНОВТЫҢ айтуынша, бұл мазмұндағы ақпарат бұрмаланып кеткен.

— Бізарнайы жолдаған сауалына орай аталған сайтқа жолдаған ресми хатымызда «имидж»деген сөз мүлдем жоқ болатын. Тек мемлекетттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруүшін жергілікті бюджеттен үстіміздегі жылы 576 780 500 теңгебөлінгенін баяндаған едік. Әлеуметтік желіде халықпен тиімді кері байланыстынығайту мақсатында блогерлерге 130 000 000 теңге бөлінді. Бары осы, — дейді Р.Рамазанов.

Жақсы, солай делік. Бірақ, біз айтар жайт, осының қарсы бағытындағы«имиджден» шығып отыр. Даниал Кенжетайұлы мемлекеттік саясатты халыққа дұрыстүсіндіру үшін электронды және мерзімді БАҚ-пен байланыс орнатуға ақшаны аямайтөгіп, барын салып жатқанда, қарамағындағы шенеуніктері парақорлығымен Сыбайласжемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қармағына ілініп, Шығыстың атын керісінше шығарыпжатыр. Қазір Ахметов облысты басқарған алты жылдан бері басқарма басшыларыныңқаншасы парамен ұсталып, қызметімен қош айтысқанын қайдам, соңғы апта ішіндебюджеттің миллиондаған қаржысын жымын білдірмей «жұтып қойғандардың» есімдеріБАҚ беттерінде біртіндеп «рухани жаңғыру» үстінде. Екі күннің бірінде параменұсталып жатқан шененуніктерді облыс халқы санап үлгере алмай жатыр  десе де болады.

Мәселен, өткен апта басында облыстық сыбайласжемқорлыққа қарсы күрес қызметі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының директорына параалу фактісі бойынша айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,филиал басшысы республикалық маңызы бар Р-26 «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» бағытындағыавтожолының учаскесіне орташа жөндеу жүргізуді сатып алу туралы шарт бойыншаорындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 2 млн теңге көлемінде параалды деген күдікке ілінген. Әзірге бұл шененунікке тергеу басталған жайы бар.

Аты жақсы емес айыптың тағы бірін арқалаған атқамінер – ШҚО Энергетика жәнеТҮКШ басқармасының басшысы қызметін атқарған Алмат АРСЛАМБАЕВ. Бюджет қаражатынқолды етуде «қамшы салдырмаған» оның аймақтағы үш нысан құрылысы көрсетілгенжобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бөлінген 70,1 млн теңге ақшаны «ШҚОтұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС директоры А.ӘУБӘКІРОВАМЕН бірге «асап»,мешкейліктің «озық үлгісін» көрсеткені белгілі болды. Бюджеттің қомақтықаражаты бөлінген  тиесілі құжаттамаларда  Өскемен қаласының Самар тас жолы бойынша"Өркен-ЖМК" индустриялық аймағына инфрақұрылым жүргізу, Ұлан ауданы,Украинка ауылындағы су құбыры мен су тарту желілері мен осы ауданның Сағырауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы сияқты маңызды нысандарыбойынша жалған актілергее қол қойылып, 70,1 млн. теңге қос шенеуніктің көлденеңтабыс көзіне айналып кеткен.

Осы жемқорлық ісі бойынша Өскемен қалалық № 2 соты А.Арсламбаевқамемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 6ай мерзімге бас бостандығы шектеу, ал Әубәкіроваға мемлекеттік қызметте лауазымиелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруүкімін шығарды. Әубәкірова жазасын баласы 14 жасқа толған соң өтейтін болады.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі әшкерелеген тағы бір қосшенеунік — Өскемен қаласы Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысыС.КҮДЕБАЕВ пен осы бөлімнің бас маманы Қ.СЕРІКОВ. Олар кәсіпкерлерге жасағанжалпы қамқорлығы үшін бір емес, бірнеше рет пара алып отырған.   

15 қазан күні Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен Күдебаев пен Серіковке1 638 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтіатқарумен мәңгілікке қош айтысты.

Ал, өткен апта соңын ала «Берел» мемлекеттік тарихи-мәденимұражай-қорығының директоры мен қарамағындағы қызметкерлерінің «Бітім» жекекәсіпкерлігімен мемлекеттік сатып алу қорытындысында 10  млн.теңгеге жалған құжат жасағаны мәлім болды.Бұл туралы  тағы да ШҚО  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіақпарат таратты. «Берел» басшысы мен қызметтестерінің жайынан алдағы уақыттахабардар ететін боламыз.

Медальдің екі жағы болатын сияқты, облыс әкімі Д.АхметовШығыс өңірі имиджінің беткі жағын мемлекеттік саясатты түсіндіру ақпаратыбойынша «әдемілеп», сол үшін насихатшыларға облыс бюджетінен қыруар қаржы төлепжүргенде, шенеуніктері теріс жағынан көрініп, кері кетіп жүр. Ал, мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қарамағындағылары пара алумен аты шықса,жемқорлыққа жол берген басшылардың өзі кетуі тиістігін ескерткен болатын.

Фотоны автор ұсынды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега