Аймақ

Шымкент күзге дайындалып жатыр

Шымкент қаласындағы Қарасу шағынауданында орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Jasalash.kz

Атап айтқанда, көпқабатты үй ауласындағы ойын элементтеріне сырлау жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша,  күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалмауының алдын алу мақсатында аталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.– Аулаларда ирригациялық арықтарды қоқыстан тазарттық. Сондай-ақ, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, өсік шөптер орылды, — деді аудан әкімі.Айта кетейік, сенбілікке тұрғындар мен аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Мұндай тазалық шаралары Әл-Фараби ауданында апта сайын жоспарлы түрде жалғасатын болады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега