Өңір

Шымкентте 55 жастан асқандарға көшеге шығуға болмайды

Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырғандардыңсаны 11-ге жетті. Соңғы тәуліктерде мегаполисте бірден 8 науқас тіркелді.

Jasalash.kz

Мамандардың айтуынша, олардың  барлығы да осыдан бірнеше күн бұрын анықталғанүшінші науқастың туыстары мен жақындары.

Осы оқиғаданкейін науқастың отбасы тұрған Самал-1 мөлтек ауданындағы Тайманов пен оғанжақын орналасқан Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелері карантинге жабылды. Қауіптідерттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Төтенше жағдай жөніндегімемлекеттік комиссияның келісімімен 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығындаШымкентте карантин енгізілмек.

Карантин кезіндеменшік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылады. Қоғамдықдемалыс орындарына, сонымен қатар саябақтар мен балалар алаңшаларына баруғаболмайды.      Азаматтардың жүріп-тұруынашектеу қойылады. Мұндай шектеулер медицина, құқық қорғау органдарыныңөкілдеріне, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық мекемеқызметкерлеріне қолданылмайды. Қала тұрғындары толықтай шектеу кезіндеүйлерінен азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық көмек, банк және поштақызметтерін алу үшін ғана шыға алады. Карантин кезінде  55 жастан асқан тұрғындарға аса бір қажеттіліксізкөшеге шықпау ұсынылуда. Барлық қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп берурежиміне көшеді. Азаматтардың қала аумағында жеке көлігімен жүруіне тыйымсалынады. Жеке көлікпен үйінің жанында орналасқан азық-түлік пен біріншікезектегі тауарлар, медициналық құралдар алуға және жедел жағдайларда медицинаұйымдарына көмек алуға баруға болады.

Қала аумағындағызалалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілмек.

Қалалық әкімдік мегаполистекомменденттық сағаттың әзірше енгізілмегенін мәлімдеп отыр.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Шымкент қаласы.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега