Аймақ

Шымкентте 700 мың көшет егіледі

Шымкенттегі ең көрікті орындардың бірі «Тәуелсіздік» саябағына қала әкімдігі 300 түптен астам сәндік ағаш көшеттерін отырғызды.

Jasalash.kz

Жалпы үшінші мегаполисті жасыл желекке айналдыру бағытында көптеген жобалар қолға алынуда. Шымкент қаласы әкімдігінің алдын ала жоспары бойынша осы жылдың күз мезгілінде қала аумағында 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күздің алғашқы көшетін отырғызу үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов  саябаққа арнайы келді. Сондай-ақ,  тұрғындарды қаланың жасыл желекке айналуына үлес қосуға шақырды.Саябақта шырша, арша, қарағай, үйеңкі сынды түрлі хош иісті ағаш көшеттері егілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Бұл күні қала әкімдігінің құрылымдық 10-нан астам басқарма қызметкерлері Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық  саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега