Шымкентте бейнебақылау камерасын сындырған азамат 15 тәулікке қамалды
Полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бейнебақылау құрылғысын қасақана сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған қала тұрғынын анықтады.
Оқиға "Жаңа Шаһар" базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. 60 жастағы Константин Силагин өткел лифтіне орнатылған бейнебақылау камерасын әдейі бүлдірген. Нәтижесінде қоғамдық мүлікке материалдық залал келтірілген.
Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.