Өңір

Шымкентте навигациялық стелалар орнатылуда

Шымкентте «Мәдениастана» аясында және қалаға келетін өзге де қонақтарды көрікті жерлеріментаныстыру мақсатында қалалық туризм басқармасы тарапынан ақпараттықнавигациялық стелалар орнатылып жатыр.

Jasalash.kz

Навигациялықстела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретіндеқызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемдідизайн.                                                                                 

Бүгінгі таңда аталған навигациялықстелалардың бірі — Б. Момышұлы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды.Алдағы уақытта бұдан өзге 29 стеланы орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліпжатыр.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега