Өңір

Шымкентте шәкірттер қашықтан білім ала алмай отыр

Карантин кезінде Шымкенттің шәкірттері қашықтан білім алу мүмкіндігіненайырылды.

Jasalash.kz

Оқушылардың қолдарындағы планшеттері мен смартфондарының қуатытаусылған. Ал балаларға дәріс беретін теледидар іске қосылмайды. Себебі үшіншімегаполистегі кейбір елді мекендер бір тәуліктен астам уақыт бойы жарықсызотыр… «Жау жағадан алған кезде бөрі етектен» деген осы шығар.

Мегаполисте 8 сәуірден бастап күн райы күрт суытып,толассыз жауған жаңбырдың арты қарға айналды. Қалада жарықтың өшіп қалуы 9-ыкүні таңертеңнен басталды (Жалпы соңғы кездері қатты жел тұрса, қалың қаржауса, жарықтың жалп ете қалуы үйреншікті жәйтқа айналып барады)  Электр жүйесіндегі ақауларды  жарықпен қамтамасыз ететін «Оңтүстікжарық»кәсіпорнының мамандары кешке дейін толық жөндеп үлгермеді. Түнде қаланың біразбөлігіне жарық келді. Ал бірқатар елді мекендерге міне, бүгін 10 сәуірде деэлектр қуаты берілген жоқ. Олардың әлі қанша уақыт бойы «жарықсыз режимде» өмірсүретіндерін кім білсін.  Өткен түніауаның температурасы -2 градусқа дейін төмендеді. Суықта жарықсыз, жылусызотырудың бала-шағаға қиындау тигені рас.   

Жарықтың болмауынан балалар кеше-бейсенбі және бүгін-жұмакүні таңертең «Балапан» телеарнасынан берілетін дәрістерін көре алмады.

Біз бүгін  «ОңтүстікЖарық «мекемесіндегі жауапты мамандармен сөйлескен болатынбыз. Ондағылар ауаррайының қолайсыздығынан туындаған ақаулар қалпына келтірілгенін, ал жарық әліберілмеген елді мекендердегі трансформаторлардың жекеменшік екендігін, ондайжекеменшік трансформаторларға қызмет көрсетпейтіндігін алға тартты.

Жалпы Шымкенттегі жекеменшік трансформаторлар мәселесін«Жас алашта» бұған дейін де талай мәрте көтерілген.  Мегаполис деген мәртебесі бар қала мұндаймасқара жағдайдан жуық арада құтылмайтын сияқты. Қалалық әкімдіктің коммуналдықсалаға жауапты басшылар да бұл мәселеге бас ауыртпайтынға ұқсайды. 

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Шымкент қаласы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега