Қоғам

Шымкентте танысудан бас тартқан қызға стақан лақтырған ер адам ұсталды

25 қарашада Шымкенттегі "Кофемолка" кафесінде келушілер арасында жанжал шыққан. Дау кезінде ер адам әйелге шыны стақан лақтырған.

Фото: әлеуметтік желіден

Салдарынан жәбірленушінің беті мен қолы жарақаттанған.

Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу барысы Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Шымкент