Шымкентте вейппен ұсталған ер адамға қатысты іс қозғалды
Шымкентте электрондық темекіні заңсыз сатумен айналысқан ер адам ұсталды.
Полиция күдіктінің көлігінен жалпы құны 4 миллион теңге болатын 400 вейп тәркіледі.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің автокөлігін тексеріп, заңсыз айналымға шығарылмақ болған электрондық тұтыну жүйелерін анықтаған. Көліктен табылған өнімдердің жалпы саны – 400 дана. Олардың нарықтық құны 4 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.