Қоғам

Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған

Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңгені құрайтын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді.

Фото: ашық дереккөз

Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды.

Өзбекстан азаматтары бағалы металды Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз алып кетпек болған.

Алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жаққан.

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Алтын Шымкент