Шыңғыс Маман. Жалғыз
Өзге емес, өзім айтам өзжайымда...ҚасымАманжолов Өзім туралы айтуды ойласам болды, өңешімнен іштегідүлейім қылқындырып мұрша бермейді.
Сондықтан, жазуды көздедім.
Бүгін әдеттегі алғашқы қыркүйек. Қала шетіндегіекі бөлмелі жалдамалы пәтерімде, сағат 10:00 де ояндым. Анам мен інім мектепкекетіпті. Көрпені аударып-төңкеріп телефонымды тауып алып қарасам сағат 09:47екен. Әлі ерте болғандықтан әлеуметтік желіні тексеріп жата тұруға көндім. Бұлауданда интернет әлсіз, сондықтан қожайынның WiFi желісіне құда түсуге туракелді. Ол үшін төсектен тұрып жаттығу жасау қажет, көрпелерді жиыстырып,киініп, бір шөміш су ішіп, дәретханаға барып..., бір атым насыбайды ұмытпауқажет!, әжетпен қатар әлеуметтік желіні тексерсем қатып кететін еді. Алғақойған ұлы мақсатымды көзден ғайып еткен, майда әрекеттердің жоспарына сүңгіпкеткенім де, ғайыптан телефонымда 4G ұстады. Сүйіктімнен смс және футболжаңалықтары келіп үлгерді де, әрі қарай төрттік желі Ендікке бірақ түсті. Қызыммені сүйетінін жазыпты. Мен секілді оңбаған жалқауды да есі кетіп жақсы көреді-ау…Негізі адамдардың ішіндегі ең жақын сырларымды білетін жалғызы сол. Мен оғанайтпадым, сездірдім.
Жә, тұрайын. Әрі қарай автоматты әрекеттер іскеқосылып, құрылғы әдеттегі мағынасыздыққа толы өміріне, мақсатсыз қадам басты.
Көшеге шығып дүкенге бет түзедім. Жұрт улап-шулап жүр.Мектеп формасын киген бірнеше оқушыларды көріп, мерекені қайталап есіметүсірдім. Көшенің соңын аспанмен жалғап тұрған алып таулар көрінді.Әдеттегідей, тауға қарап елеңдей бердім. Тау мені күтіп тұрғандай қарайды. Көшебойындағы алаңсыз оқушыларды көріп, тау ортасындағы балғын оқушы бейнемдіелестеттім. Қиялға толы әлемде бас кейіпкерді сомдап, алғашқы қоңырауданқайтатын өзімді көрдім. Мен балалық сәтімді екіге бөлемін. Бірі мүшел жасымдағыат сүйреген сәтке дейін. Келесі бөлігі әлі де жалғасып келеді. Мүмкін сол сәттебіткен болар. Жұмбақтар мені түнекке сүйреп әкеле жатқандай. Қалауым өзгеқалаудың жетегіне байлады. Шым-шытырық көшелер. Бала кезімде қой бағып жүріп, қаладағыөмірімді қиялдап, таза іңкәрлікпен қала адамы болғым келетін. Қаладағы аз ғанаөткен сәттерімді елестетіп, тәтті сағынышқа малшынатынмын. Дәл қазір ауылғадеген нақ сондай сағыныш бойымды кезіп өтті.
Он бір жыл бұрын ауылдан кеткен едім. Ауылым жақын,жиі барып тұрамын, әр жолым түскенде балалық елесімді, сағыныш себептерініздеймін, таппай кетемін. Артымнан шыққан аяқ дыбысына қарасам, Джекас екен.Тілін салақтатып келеді, тоқтап маңдайынан сипап қояйын деп едім, сескеніпшегінді. Бәрібір маңдайынан сипап жібердім. Бір жыл бұрын ғана күшік күйің демаған еремін деп көлік соғып кетіп еді, өліп қалды деп жол шетіне дірілдетіп,аузынан қанын ағызып шығарып кеткенмін. Ертесі үйге келсем, ақсаңдап жүгіріпжүр, сөйтіп көлік таптап өткен Джекас бір жыл ішінде айтарлықтай қартайыпқалған, көзінен көрінеді. Сен де өзгердің, ауыл да өзгерді, өзгермеген бұлтқана. Қыркүйек келгенде жастық шағым ұрланып, аспанның бұлты қоюлана беретінсекілді. Әлде бүгін ғана сондай ма?
Джекастың құйрығын бұлғаңдатқанына қарапАққонжықты ойладым. Былтыр әке-шешем ауылдан көшіп келгенде, жұртта иттіқалдыруға болмайды деп бірге ала келген. Лайкы деген Сібір тауларынан шыққаниттің тұқымынан тараған өте сүйкімді жануар еді. Ақылдылығы бір төбе. Жақсы итөлігін көрсетпейді деген, жарты жылдан соң ауырды да жоғалып тынды. Шешем көзтиді деген сөзінен бір танбады, себебі дәл қазір жүріп келе жатқан көшедеАққонжыққа қызықпаған адам жоқ болар. Әркім еркелетіп, өзіне тартқысы келетін,ол бұрылып қараған былай тұрсын, біреудің ауласына еніп, өзге итаяқтан асішпейтін. Қалаға келген соң көп өмір сүрмеді, ауырды, жоғалды. Әлде ол да менсекілді таудағы тәтті өмірін аңсады ма екен? Солай жоғалып кетуі де мүмкін ғой.
Жол шетінде мектеп формасын киген және формасызбірнеше оқушыларды көрдім. Әнебір формасыз жігіт колледжге түскен болар. Қалағакелген жылы да өмірім алғашқы қыркүйектен басталып еді. Колледж. Әр түрліұлттың оқушылары. Азат дейтін Қордайдың баласы екеуміздің мамандығымыз бірболып, тұрып әңгімелескен едік. Үлкен курстың балалары аға болып көрініп,қыздары әпке боп елестейтін. Сеніміңе селкеу түспеген, әркімнің сөзін құлайтыңдап, көңіліне қарап жүре беретін сәттер. Қазір адамдардың бәрі бірдей, дүкенесігіне келіп қалыппын. Ішке ендім. Дүкен иесі ботқа бет, сыздап тұратын кісі.Адамдарды үнсіз қарсы алып үнсіз шығарып салады. Арақ иісі мүңкіген бір кісіұсынылған қара пакетті алмастан қолдары дірілдеп ақшасын санауда. Тиынымдыұсынып бір тал темекіні алдым да кері бұрылып шығып кеттім. Есік алдындакішкене сыныптың балалары жүгіріп келіп, мені күтіп қатарынан тұра қалды.Жүздеріне қарап жымидым да кете бердім. Әлгілер асығып дүкенге кіріп кетті.
Үйді бетке алып жүріп келемін. Дүкен көшесіненүйімнің қара жолына бұрылғанымда жол шетіндегі екі кісі отыр екен. Мұрттысы«пузырь» деп айтқанын анық естідім. Қарсы беттегі үй шарбағына асылып тұрғанқалпақтағы кісі жымиып басын шайқап тұр екен. Алғашқы қоңырауды тойлатыпжүргендерін бірден түсіндім. Кішкене күнімде ауылдың ерлерінің бәрі арақдәметіп жүретін бейнелерімен есімде қалыпты. Кейбір орта жастағы замандастарсол бейнені жалғастырып келеді. Дегенмен, сирек. Әкемнің өзі де жігіттікжелеңін мұнда ғана басқан. Менің қатарластарым да ақылын араққа шайыпжүргендерін көрудемін. Ал, мен ше? Темекіні не үшін алғанымды ойламастан,өзгені іштей сынап нем бар?! Адам – өтеопасыз әрі мұңлы болады екен. Өзгені жақсы көре алу, өзіңді қауіпсіз сезінументікелей байланысты.
Таңғы және түскі асымды қатар ішкелі жарты жылданасты. Теледидарды қоссам «Құс қанат ғұмыр» ән кеші өтуде. Ғұмырдың қысқалығымен адам көңілінің қартаймайтын қасиеті адамзаттың өнеріне түрткі ме екен?Әйтеуір, бітпейтін сұрақтардың құрсауына еріксіз еніп кетемін. Өтіп жатқанөмір. Сұрғылт. Әлгі сарқыттың да әсері таусылып, әдеттегідей жанымды жегідейжеген мазасыз ойлармен алысуым басталды. Таң атады, кештің батуы азапқа толы.Таңым түс, түсім түнге айналды. Қалаға кетіп, өзім секілді жігіттерді тауыпалайын десем, соқыр тиыным қалмаған. Жә, ақша маңызды емес. Маңыздысы өзімдіөлтіретін ортаға бару мен бармау қалауының тайталасуы. Қыркүйек айынан бастапөзгеремін дейтінмін, бүгін әдеттегідей алғашқы қыркүйек.
Анам мен інім мектептен келді. Екеуін құттықтадым.Анам мұғалім, інім оқушы. Мектеп, колледж, университет бітіргенімен, ешқандайқоғаммен байланысы жоқ, әлемнен жасырынып, жалғыздықтан жанына тыныштық іздегенменің жағдайым өзім үшін аянышты болып елестеді. Анам менің жұмысым мен үйсалуды әңгіме етті. Әрі үйленетін де жасым келді. Телефоным несиеге алынған,тапқан пайдама аз уақыттық ләззат іздеймін, тіпті жолыма ақша таппай жүрмін.Осының бәрі санамды қысымға алып, өмірде ешқандай қызық қалмай, күңгірт қапасқасүйрелеп бара жатқандай.
Белсенділікке итермелеп, ойың арқылы көптегенжетістікке жетелейтін кітаптардың біршамасын оқып, бірнеше тренингтер менпсихологтарға қаралдым, ешқандай пайда болмады. Дін атаулысының бірнешеуінауыстырдым. Мұсылман дініндегі көптеген ағымдарды араладым. Ақыр соңындатабиғат берген шөп түтінінен рақатымды тапқандай болғанмын. Бүгінде зардабыншегіп жүрмін. Жалғыз сүйенішім, қандай жағдай болмасын көңілімді қайтармайтынқызым ғана. Ол маған сенеді. Менің жауапкершілікті көтеруге мұршам жетер емес. Кейдеіштегі дүлейім қозғанда, амалсыз сол бір кіршіксіз сезім иесінің көңіліне деселкеу түсіріп қоямын. Тынышталғаннан кейін ойласам түкке тұрғысыз дүниелерекен.
Аядай үйге симай жүргенім де, телефонымасүйіктімнен хабарлама келді. Биыл соңғы курсы, бітірген соң үйленеміз дегенкелісіміміз бар. Бір ғана жыл. Үлгеремін бе? Жатақхана берілмегендіктен, пәтертауып орнығыпты. Келші депті. Бір жаз көріспеп едік, алып-ұшып барғым келді.Теңге табуым қажет. Дос балам екі мың теңге қарыз еді, қоңырауымды қабылдамады.Ақшасы болмай жүр-ау. Жомарттың қолын жоқ байлайды деген осы болар. Анамнансұрауға болмайды. Карточкамда да түк қалмаған. Өмірімде алғаш рет ештеңеойламастан, киіндім де үйден шығып кеттім. Қалаға жету үшін екі жүз теңге.Көліктерді тоқтатып, сұранып көрейін бе? Қой, ұят болар. Өзім де жетемін. Қалакөлікпен қырық минут, белесебетпен үш сағатта келгенмін. Жаяу екі сағат уақыткетеді..., шамамен.
Телефон қуатын толтырып алғанмын. Соңғы уақыттарысанам пайдасыз ақпаратқа уланып кетті деп әлеуметтік желілердің бәрін өшіргенедім. Шыдамастан қайта жазып тексеріп қоятын сәттерім де болады. Әлеуметтікжелі біздің замандастардың үлкен өмірге қадам басқан сәттеріне дөп келді.Осылайша әр шыққан жаңалық пен технологиялық даму, бізбен бірге жасасып келеді.Біз бар болғаны тұтынушыға айналдық, өзгелер болса жалпы адамзатқа өнімұсынуда. Оларға осыншама ой мен энергия қайдан келетініне таң қаламын. Осыданекі-үш жыл бұрын әлемді өзгертіп жіберердей жоспарлар құратынмын, бүгіндекүлгін көзілдірігім шешіліп қалыпты. Әлемге шынайы көзқарас тұрғысынан, шарасызкейіпте қарауға әдеттеніппін. Неткен сорлылық?!
Вивальдидің туындыларын интернеттен таптым дақұлаққап арқылы тыңдап, қаланы бетке алып жаяу жүріп келемін. Сағат 15:32.Екінті уақытында қалаға жетсем де жаман емес… Жол бойында ағылған көліктер.Әр жерде көлік тосқан жолаушылар. Күздің салқыны анадай жерде көрінгентаулардан самал боп еседі. Үнсіз ғана музыканың ырғағымен қадамдарымдыбасудамын. Өмір дәл осылай өте беретін болса, шыдай алар ма екенмін? Жә, әлгікітаптарда көңілді ойлаңдар деген ғой, бірақ санам көңілді ойлауға, мінезтұрақтылығына мұрша бермей келеді емес пе? Қазір, қызымды көрсем бәрі деөзгеріп кетер. Өмір сұрқия қалыбын шешетін секілді. Әйтеуір жалғыз үміткесүйеніп тірлік етудемін.
Қала шетіндегі шағын аудандардың біріне жақындапқалдым. Жол жүру карточкамда аздаған ақша болуға тиісті еді. Телефон арқылытексерсем екі жүріс бар екен. Мындағы автобуспен отырып кетсем, қызымның мекен-жайынажақындаймын. Құдайдың берген қуатын сарп ете беруге де болмас, әлі кері қайтуымқажет. Қаладағы достарымның үйіне қонып кетсем де болады, өзге жерге жатсамбастырылып қалатыным еске түсіп, ойымнан айныдым. Осы сәтте ең жақын дос депайта қояр ешкімімнің жоқ екені есіме түсіп, тағы бір мәрте жалғыздық дертініңшағып алар ойларына беріліп кетіппін.
Тікенді шырмауық ойлардан суырылып шығуыма жүктиеген Камаздың дабылдатқышы себеп болды. Құлаққаптан өтіп, музыка дыбыстарынжарып-соғып өткен жоғары деңгейдегі жағымсыз дыбыс бүкіл ішкі теңдігіме тигенсоққыдай еді. Ішімнен автоматты түрде сыбап алдым да әрі қарай жүре бердім.Алғашқыдай емес, жүрісім баяулаған. Google Maps-тан қарасам он жеті шақырымдыеңсеріппін. Бала күнімде ауылға көлік қатынасы өте қиын еді. Он екі шақырымжердегі ауылға дейін барып, әрі қарай біздің ауылдың тұрғындары өздеріқайтатын. Көбінесе қаладан сөмке-сөмке жүкпен келетіндіктен, көше басында көліккүтіп әйелдер қалатын. Кейбіреулер ауылдан атпен келіп алып кететін. Жүгіжеңілдер жаяу ауылға жететін. Осы екі аралықты талай мәрте басып өткенмін.Әсіресе, колледж қабырғасында ауылға аңсарым ауып, автобустан түсе сала жаяукете беретінмін. Қазір бұл екі аралықтан көлік үзілмейтін болған. Халықтыңжағдайы көтеріліп, әркімнің үйінде жеңіл көліктер бар. Қаладан ауылға дейінқиналмай жетуге де мүмкіндік мол. Сондықтан, бұл екі аралық маған түк емес депақталдым. Әлгі автобустың да қарасы көрінді.
Автобус қалаға ілінген бойда, өзге автобустарменжарысып, ішіндегі халықты шайқап-шайқап әкеледі. Әлі де Вивальдидің әуендерінеелітіп, өзімді сабырлы ұстауға ұмтылдым. Бірнеше кісілер «отын тасып жүргенжоқсың» деген мағынада жүргізушіге айғайлап қояды. Жүргізуші де басынан сөзасырмайтын біреу екен, оған қосылып кондуктары да жұртпен ұрсысуда. Әркімніңбітпес мәселелері көтеріліп, автобустағылар екі жаққа бөлініп ұрсысуда.Түрлеріне қарасаң құдды бір кішкентай балалар секілді. Музыкадан жалығабастадым...
Іңір боп қалған кезде аялдамадан түстім. Көліктеркептелісі мен көп қабатты тұрғын үйлер демімді қысқандай болды. Кезінде осынауқалада өмір сүрсем деп армандағаным есіме түсті де, іштей өзіме шыдауың қажетдегенді ескертіп әрі қарай тағы да бірнеше көше жаяу сапарымды жалғастырдым.Қызым да мені асыға күтіп жүрген болар, әлде бей-жай кезекті кездесудіойластырып отыр ма екен? Қайткен күнде де ол да сағынды мені, себебі мен қаттысағындым. Бара салып құшақтап, біршама уақыт үнсіз тұрғанымды елестеттім. Адамқалай қиялдаса да нағыз сәт қана шынайылығыңды көрсетеді. Қиял кейде пайдалы,көбінесе әлемнің күйбеңінен қорғаныш секілді. Өзім тым қияли емеспін, дегенментәтті қиялдардың дәмін сезгенмін. Қиял – қияға әкетеді немесе қисық жолданқұтқарады. Санам толы қарама-қайшы ойлар. Мойындаймын. Кезінде Героклитке демаза бермеген қайшылықтар еді ғой.
Қызыма телефон соқтым… Үйінде емес екен. Күтетұруыма тура келді. Тоғыз қабатты үйден пәтер жалдаған екен. Үй жанындаторуылдап біраз жүрдім, құрсағым тамақ сұрап шұрылдады. Жә, шыда. Үйге жетпейешкім тамақ бермейді. Тауып, сұрап, көңілін тауып қарныңды тойдыруға болады,арым жібермейді. Ұялмаймын. Жан-дүниең тұйықталғандағы осынау сәттер демаңыздылығың да артып кетеді.
Ақшам уақыты. Қалтаңда ақшаның жоқтығы ауыр әріөзіңді сынап көруге қолайлы мүмкіндік. Сонау өзге қаладан, ешқандай ақшасызүлкен қаланың ортасынан бірақ шыққаныма таңғалдым. Қызымнан смс келді, қолытимей жатыр екен. Бір сағаттай күтетінім анық. Бұл шағын ауданды торуылдап,үйлер мен аула жобасын анықтап алдым. Қанша дүкен, қанша пәтер барын, тіптікөліктеріне дейін санап шықтым. Интернеттен футбол ойындарының қысқашааңдатпасының бірнешеуін көруге қырық минутым кетті. Қараңғы батты. Қызым ендіқоңырауды қабылдамай бастады. Аздап ашуымның келгенін байқадым. Бәріненқинайтыны қайтар жолым. Автобус тоқтамай кетіп қалайын ба?
Мен секілді түгі жоқ жігітті не істесін, жігіт депауыз толтырып айту да ұят. Осындай ойдың жетегінде, бір сәтте қызымнан үміттіүздім. Аялдамаға асығып қайтып барамын. Аялдамаға келсем, ешкім жоқ. Автобустарда көрінетін емес. Тереңнен тыныс алып, көзімді жұмып сәл отырдым. Осы сәттетелефоныма смс келді. Қызымнан екен. Босағанын, шығып келе жатқанын айтты.Еріксіз орнымнан тұрып, кері қайттым. Үйінің жанына жеткенде, қызым өзге жігіттіңкөлігінен түсті. Көлік кетіп қалды. Жасанып әдеміленіп шығыпты. Қасына келдім,екеуміз әдеттегідей құшақтасып амандастық. Қайдан жүрген көлік екенін сұрадым.Ол ешқандай да көлік болмағанын, өзінің үйден шыққанын айтты. Өтірік өзегімдіөртеп өтті. Ашуланшақ дүлейім оянып кетіп, қызыма көргенімнің бәрін айттым.Кешірім сұрап құтылмақшы болды, көнбедім. Намысым жеңді. Жалған намысым.Бұрылдым да кетіп қалдым. Кетпесем ашу үстінде істеген әрекетіме жауап береалмай қаламын ба деп қорықтым. Өзімді қолға ұстай алмай келемін, дірілдеудемін.Ең сорақысы, көліктегі кім екенін айтпауы еді. Алабұртып жүрген көңілім әбден өшті.Бет алған бағытым белгісіз кетіп барамын.
Расында біршама уақытқа дейін телефоныма қоңыраусоғар немесе смс жазар деп күттім. Өзім жазайын деп оқталсам, әлгі дүлейқылқындырып, тәнімді құрсаулап алады. Ашуланып әрі қимастықтың ортасындақиналып келемін. Түн қараңғыланып кеткен. Достарыма қоңырау шалуды ойладым датағы да бас тарттым. Шаршаған екенмін, қарным ашқаны емес шөлдегенім қатты білінді.Үйіме қарай көшелермен емес, үйлердің арасымен төтесінен келе жатырмын. Кезектібір аулаға еніп, отырып тынығып алуды көздедім. Тып-тыныш аула екен.
Телефондағымәнсіз суреттерді ақтарып отырдым да, бұғаттап қалтама тықтым. Өмірде ештеңеніңде мәні қалмағандай көрінді. Осыншама жерді бағындырып келгендегі қалауым осыболғанына іштей кіжініп әрі қарай жүрмекші болдым. Осы сәтте қаңғыбас кісікеліп отырды.
– Көшіп бара жатсың ба? – деді, отырмастанұсқынсыз өскен сақалын сипап. – Қайда? – деп түкке түсінбей өзіне сұрақ қойдым.Қолындағы қоқыстан тапқан нанын құшырлана бір тістеді де: – Ақырзаман болатынынестімедің бе? Бәрі тауға көшіп жатыр, әне менің де жүгім жинаулы, кез келгенсәтте кетіп қаламын, — деп, қараңғылықтан шеті көрініп тұрған арбаны көрсетті.Әр адамның өлімі өзі үшін заманының ақыры. Менің қазіргі күйім де ақырзаманнанқай жері кем. Үнсіз басымды шұлғыдым да қойдым. Мені таңғалдыра алмағанынтүсінген қаңғыбас орнынан тұрып кетіп барады. Арбасының тұсына барды да, кенетбұрылып: — Сағатың қанша? – деді. Қалтама күштеп салған телефонымды қайташығардым да, сағаттың 21:03 болғанын айттым. Естігені белгісіз арбасын сүйретіпқасымнан өтіп бара жатыр.
– Айтпақшы, бүгін қандай күн өзі? – деді,қалтасынан бірнәрсе іздеген болып. Асықпай орнымнан тұрдым да, телефондыбұғаттап: – Алғашқы қыркүйек, – дедім де, мен де қараңғылыққа сіңіп жоқболдым.