Шырғалаңға толы шындық
24 ақпан күні түнде айрықша белгілері жоқ, қарапайымкиімдегі адамдар осыған дейін белсенділігімен танымал болған Дулат Ағаділді үйіненалып кеткені жалпақ жұртқа мәлім.
Арада біраз уақыт өткен соң, оның Нұр-Сұлтан қаласындағытергеу абақтысында жүрек талмасынан қаза болғаны хабарланды. Бұл халық арасында жаңа толқудың тууына себепболды. Әлеуметтік желілер билікке деген наразылық пен айыптауларға толып кетті.
28 ақпанға қараған түні мәйітханадан алыпкелген марқұмның денесі видеоға түсіріліп,әлеуметтік желі арқылы тарай бастады. Ол жерде белсендінің денесінде қара дақтар бары байқалады. Алақаны мен табаны қарайып,марқұмның өкшесі сырылғаны көрінеді. Осы видеодан кейін 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласыпрокурорының орынбасары Елдос Келімжанов жедел брифинг өткізді. Ол марқұмныңденесіндегі «жарақаттардың» биологиялық себептері бар екенін, жалпы, мұндайвидеоның өзі «мораль мен этикаға сай емес» екенін айтты.
Шендінің айтуынша, дақтар адам қайтыс болған соң бір сағат өткендепайда болады. Е.Келімжанов Дулат Ағаділдің анасы тараған видеоға байланысты шағымтүсіріп, видеоға жазып алған адамды жазаға тартуды сұрағанын айтты. Көп ұзамайбрифинг аяқталып, прокуратура өкілдері журналистердің сұрағына жауап берместен қайтыпкетті. Олар мұны брифингтің форматымен түсіндірді. Кейінірек белгілі болғандай,«видеоға түсіріп, жариялауға және таратуға» елордалық Серік Жахиннің тапсырмабергені хабарланды. Ол видеоны патологоанатом мамандарға көрсеткісі келгенін жәнесараптамаға тәуелсіз мамандар қатыссын деген өтініштеріне ешкім құлақ аспағанынжеткізді.
Марқұмның туыстары журналистермен кездесуденбас тартып отыр. Ал марқұм Дулаттың бауыры Қанат Ағаділ «соққы іздері жоқ»деді. Бұл отбасыға жақын адамдар «билік тарапынан қысым болғанын» айтты.
Бірақ Қайыржан Иманғалиұлы деген азамат «Азаттық»радиосына сұхбат беріп, мәйітті жерлеу үшін ауылына алып барғанда, денесіненжарақат ізін көргенін құлаққағыс жасады. Видео ел арасына тараған соң, көптегеннаразылық пен билікті айыптау қарша борады. «Дулат Ағаділ – режимнің құрбаны» деген пікір айтылып жатты. Жұртшылық марқұмды «масаң күйде болған»деп мәлімдеген ІІМ орынбасары Арыстанғани Заппаровқа да наразы. Олар «билік мұнымарқұмның өзін айыпты етіп шығару үшін жасап отыр» дейді.
Бұған дейін А.Заппаров Дулат Ағаділ таңғы сағаталтыда ұйқыдан тұрған соң тамақтанып, жетіде дәретханаға барғанын, камераға қайтыпкелген соң, есінен танып қалғанын айтқан. «Жиырма минуттан кейін келген жедел жәрдеммарқұмның жүрегі тоқтағанын тіркеген», – деді Қазақстандағы адам құқығы жөніндегіуәкіл Эльвира Азимова. Ол тергеу абақтысындағы барлық видеокамератексерілетінін де мәлімдеді.
Халықтың басым бөлігі «белсенді жүректалмасынан қаза тапты» деген ресми дерекке сенбейді. Марқұм қайтыс болғалыШымкент, Орал, Алматы, Ақтөбе секілді қалаларда билікке қарсы бейбіт жиындармен акциялар өтіп жатыр. Кейбірін арнайыжасақ пен полиция күшпен таратты.
27 ақпандаөзі тұрып жатқан Талапкер ауылында жерленген Д.Ағаділдің денесін жер қойнынатапсыруға мыңнан аса адам жиналды. Ол жерде Дулат Ағаділді «ел мүддесіүшін құрбан болған батыр» атап, кейбір жоғары лауазымды шенділердің қызметтенкетуін талап еткен саяси ұрандар да айтылды. Осы кезде көптеген қалаорталықтарында марқұмның рухына құран бағышталды.
«Дулат Ағаділдің өліміне полиция да, ҰҚКде кінәлі емес. Отыз жылда қалыптасқан жүйе кінәлі. Біз құқықтық мемлекет емес,ҰҚК, полиция билігін құрдық. Күштік құрылымдар мемлекеттің, ел азаматтарыныңбас амандығынан гөрі биліктің қауіпсіздігін, жеке мүдделерін ғана қорғайтын топқаайналып отыр. Құқық салтанат құрған демократиялық ел болғанымызда азаматтықпікірін білдіріп, қарсы шыққаны үшін үйінде жатқан адамның шаңырағына баса-көктепкіріп, бейне бір қандықол қарақшыны немесе зиянкес террористі ұстағандай қолын қайырып,кісен салып, түн ортасында қақаған аязда күштеп әкете алар ма еді? Басқа өркениеттіелде адам өлімін былай қойғанда, осылай қарақшылық жолмен алып кеткендіктері үшінкем дегенде ішкі істер министрі отставкаға кетер еді.
Саяси-құқықтық реформаны талап еткен ұлттықкеңес мүшелерінің соңғы жағдайларға көпшілігі үнсіз. Ал атағынан ат үркетін мүйізіқарағайдай ақын-жазушылар, жұлдыз әншілер мұндайда көрінбейді. Жүз мыңдап айлықалып отырған депутаттардан онсыз да қайыр жоқ. Құқықтық мемлекетке айналмай, бұлосылай жалғаса береді. Комиссия құрылар, ары кетсе бұйрықты орындаған бірнешежендет кінәлі деп табылар. Бұдан не өзгереді?! Бірақ реактив мемлекетте солай!»– деп пікір білдірді белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің Facebook-тегіпарақшасында.
Тосын жағдайға шетелдік дипломаттар даназар аударды. АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойыншабірінші көмекшісі Элис Уэллс мемлекет басшысын берген уәдесінде тұруға шақырды.Марқұмның туыстары мен достарына көңіл айта келіп, ол Twitter-дегі парақшасында:«… толық әрі мұқият тексеріледі деп күтеміз. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандемократияға деген өзгерістер туралы сөзінде тұруға шақырамыз», – деді. Ал Еуропадағықауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтарыжөніндегі бюросының директоры Ингибьёрг Сольрун Гисладоттир қоғам белсендісіДулат Ағаділдің өлімін ашық түрде дереу тексеру қажет екендігін айтты.
Президент Қ.Тоқаев29 ақпанда InformБЮРО ақпараттық-сараптамалық порталына эксклюзивті сұхбатберіп, бұл мәселемен мұқият танысқанын айтты. «Өкінішке қарай, Д.Ағаділ жүректалмасынан қайтыс болғанын сенімді түрде айта аламын. Оны теріске шығару – шындыққақарсы шығу. Марқұм кім болса да, қандай көзқарас ұстанса да, ол – ең алдыменадам. Адам өмірі құнды», – деді Тоқаев.
Осы жағдайғабайланысты құқық қорғаушылар да пікір білдірді. Норвегиялық Хельсинкикомитетінің өкілі Ивар Дейл өзінің Twitter-дегі парақшасында марқұмды ұрып-соғуымүмкін екенін жоққа шығармай, Тоқаевтан мәселеге байланысты түсіндіруін күтетінінжеткізді.