Без Категории

СІМ Қазақстанның бір топ азаматы Норвегияда ұсталғаны жайлы мәліметті тексереді

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Норвегияда Қазақстанның бір топ азаматы ұсталғаны" жайлы мәліметті тексеріп жатыр.

Jasalash.kz

Бұған дейін норвегиялық басылымдарға сілтеме жасаған "Ферғана" агенттігі "Норвегияда көші-қон заңын бұзған 67 шетелдік ұсталғанын, басым бөлігі Қазақстан азаматы екенін" жазған.

— Қазақстан азаматтары ол жақта не себеппен жүргенін, неліктен депортацияланатынын елшілік анықтауға кірісті. Ақпарат толық болғанда хабарлаймыз,- деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашов 27 қыркүйекте Азаттық тілшісіне.

"Ондаған шетел азаматының ұсталғаны" жайлы мақала Норвегияның VG сайтында 25 қыркүйекте жарық көрген. Жергілікті полицияға сілтеме жасаған сайт 67 шетел азаматының "көші-қон заңын бұзғанын" жазды. Бұл сайттың жазуынша "ұсталғандардың 60-тан астамы Қазақстан, алтауы Қырғызстан, екеуі Ресей азаматы. Норвегия полициясы оларды елдеріне депортациялауы мүмкін".

Азаттық тілшісі Норвегиядағы Қазақстан елшілігінен әзірге жауап ала алмады. "Ферғана" агенттігінің жазуынша, Норвегиядағы Қазақстан елшілігінің өкілі Талғат Жұмағұлов "жұмыс іздеп келген Қазақстан азаматтары жайлы білетінін" айтқан.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега